ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ — Төрттаған
Понедельник, 10 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті.

14.12.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

Түркістан қаласында биыл баспана кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасына әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасына пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті.
– Тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміз тұрақты даму жолында. Рухани астанамыз Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде өркендеудің жаңа сатысына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қалаға ерекше мәртебе беру көзделуде. Сонымен бірге Президентіміз өз Жолдаулары мен тапсырмаларында халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Міне, осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Бүгін Түркістан қаласында 20 отбасы, яғни 100-ге жуық адам көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады. Жалпы, жыл соңына дейін әлеуметтік топтар бойынша кезекте тұрған 700-ге жуық адамға пәтер кілтін тапсыру жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар халықтың баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы, – деді Дархан Сатыбалды.
Қоныс тойын тойлап жатқандардың арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және тағы басқалар бар.
Биыл Түркістан каласы бойынша жалпы көлемі 200 мың шаршы метрден асатын 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл дегеніміз, 3296 пәтер, оның ішінде арендалық 709 пәтер иесі баспаналы болады деген сөз. Ал, 2023 жылы 62 үй салынып, тағы 4202 пәтер иесі қоныс тойын тойлайды. Олардың басым бөлігі
«7-20-25» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік
бағдарламалары арқылы баспаналы болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДЫ БАҚПЕН КӨМКЕРІЛГЕН ШАҺАРҒА АЙНАЛДЫРМАҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарын тұрақты түрде қалыптастыратын қазақстандықтардың саны артып келеді

07.08.2026
5
Жаңалықтар

Число казахстанцев, регулярно формирующих свои пенсионные накопления, растет

07.08.2026
4
Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтары – өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілуде

07.08.2026
9
Жаңалықтар

Пенсионные накопления под вашим контролем: расширяются инвестиционные возможности вкладчиков ЕНПФ

07.08.2026
10
Жаңалықтар

БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

07.08.2026
11
Жаңалықтар

Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ населению с начала года, проведено в цифровом формате

07.08.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.