ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БІРНЕШЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БІРНЕШЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Қаланы жылумен қамту барысымен танысты. Қала әкімі мен жауапты басшыларға жылу және өзге де шұғыл шешуді талап ететін мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

18.11.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БІРНЕШЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Қаланы жылумен қамту барысымен танысты. Қала әкімі мен жауапты басшыларға жылу және өзге де шұғыл шешуді талап ететін мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
– Тұрғындарды инфрақұрылыммен қамтып, қолайлы жағдай жасау – міндетіміз. Кентау Түркістанмен бірге дамитын әрі әлеуеті зор шаһар. Жылуға, су жүйесіне қатысты түйткілдер қатаң бақылауда болады, – деді Дархан Сатыбалды.
Бүгінде Кентаудағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі жаңадан соғылған көпқабатты 10 тұрғын үй газ жүйесіне қосылуда. Бұл үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сыртқы газ жүйлеріне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары былтыр аяқталды. Қазіргі таңда Ш.Уәлиханов көшесіндегі №160, 162, 164-ші үйлердегі 180 пәтер табиғи газбен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге №178, №188 және өзге де үйлерді жылумен қамту жұмыстары аяқтаулға жақын.
Тұрғын үйлерді аралаған өңір басшысы «Кентау Сервис» МКК №5 жылу электр орталығында да болды. Қазіргі таңда орталықтандырылған жылуға 14 мыңға жуық абонент қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2295 жеке секторлы тұрғын үй, 346 көпқабатты тұрғын үй, 441 коммерциялық нысанға жылу берілуде. Жылу орталығы қажетті мазутпен, көмірмен және сұйық отынмен қамтылуда. Орталықты жөндеуден өткізу мәселесі де назарда тұр.
Дархан Сатыбалдыға «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасының ІІ кезеңіндегі жоспары таныстырылды. Осы арқылы су қоймасының сыйымдылығы реттеліп, қауіпсіздігі нығая түспек. Аталған жобаның І кезеңі бойынша жұмыс қолға алынған. Ол бойынша Кентау қаласындағы «Мірғалымсай» кен орнында шахталық сутөкпе салу және тік дренаж ұңғымаларын орнату көзделген. Қазіргі уақытта 11 ұңғыманың 10-ында бұрғылау жұмысы аяқталған.
Одан кейін облыс әкімі қаланың кәріз тазарту станциясының жай-күйімен танысты. «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жобаның техникалық экономикалық негіздемесін келісу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша 40 га жер теліміне жаңа кәріз су тазарту станциясы салынып, су тазарту құрылымдарымен қамтылады. Бұл станция қаланың кәріз су жүйесін толық тазалауға қауһарлы болмақ.
Кентаудағы маңызды жобалар мен нысандардың жағдайымен танысқан өңір басшысы инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстарға қолдау жалғасатынын жеткізді. Басшыларға су нысандарына қатысты жобаларды әбден зерттеп барып, сапалы атқаруды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК» ЭКО-АКЦИЯСЫ БАСТАЛМАҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ШАҺАР БАСШЫСЫ “ШЫМСИТИ” АУМАҒЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
3
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
3
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.