Бүгін қала әкімі “Шымсити” аумағында салынып жатқан аллея құрылысын тесеріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Естеріңізде болса, қыркүйек айында “Қаратау” ауданы 189 орамда “Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” бойынша аллея құрылысы басталған болатын.
9300-ге жуық халықты қамтитын бұл нысан 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанның өндірістік кестеге сәйкес абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
“Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” алдағы уақытта да жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі