Шымкенттегі “Қажымұқан” атындағы орталық стадионда шаһар басшысы М.Әйтенов және
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов,
футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы — «Шымкент» командасын құттықтады.
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді.
Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.
Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.
«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.
Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында “Ордабасы” Қарағандының “Шахтер” командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі