Түркістан қаласындағы «Эко-базар» әмбебап сауда орталығында Түркістан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңеге Бәйдібек ауданының 11 ауылдық округінен шаруалар қатысып, 10 тоннаға жуық өнімі шығарылды. Олар жылқы, сиыр, қой еттері мен айран-сүт, құрт өнімдері.
Жалпы Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жәрмеңкеде бәйдібектіктер шығарылған өнімдерін төмен бағада сатуда.
Бүгінгі жәрмеңкеде Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Елордада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметов пен «Қозыке» ӨК-не Астана қаласы әкімінің алғыс хатын табыс етті.