Бүгін жаңадан құрылған Сауран ауданында тағы да бір жағымды жаңалықтың куәсі болдық. «Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа» жол бойында орналасқан «Бауырсақ» қоғамдық тамақтану орнының ашылу рәсімі өтті.
Шарада Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов, аудандық мәслихат депутаты Т.Садуов дәмхананың ашылуымен құттықтап, үлес қосқан азаматтарға алғыстарын білдіріп, өздерінің игі тілектерін жеткізді.