ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

26.08.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы, Сауран ауданында қазан айында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында салынып жатқан білім ордасы Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінде бой көтерген. Бұған дейін бір ғана мектеп бүкіл ауыл балаларын оқытуға мәжбүр болып келсе, енді 400 бала аталған жаңа мектепте білім алады. Елді мекеннің жалпы халық саны – 5600-ден астам.
Нысанның құрылыс барысымен танысу мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының мүшесі Дархан Мыңбай арнайы жұмыс сапарымен келді. Онда депутат құрылысқа жауапты тұлғалармен кездесіп, мән-жайға қанық болды. Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Кеңес Әуен және аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысты.
Мектептің құрылысы 2020 жылы қараша айында басталған. Жалпы аумағы – 8094, 42 шаршы метрді құрайды. Құрылысты жүргізуге 1186.0 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме — «AZIA RC» ЖШС-і, ал техникалық қадағалауға «Эко Техно Инжиниринг» ЖШС-і бекітілген. Жауаптылардың айтуынша білім ұясының құрылыс жұмыстарын қазан айында толық аяқтау жоспарлануда.
– Жаңадан құрылған ауданда бой көтерген білім нысанының құрылысымен таныстық. Мектептерді салу барысында халықтың пікірімен санасып, бала санына баса мән берген жөн. Мына мектепте бұрын-соңды мектептерде болмаған жеделсаты орнатылады екен. Меніңше ауылдық жерде балаларды осындай жағдаймен қамту құптарлық іс. Жауапты азаматтар бір мәселені атап өтті. Ол – спорт залы мен акт залының бірігіп кетуі. Мұны жобалаушылар мен құрылысшыларға қайта қарауларын ұсындым, – деді Дархан Қамзабекұлы.
Халық қалаулысының айтуынша, мектеп салу мәселесінде жауапты министрліктер ел бойынша тек бір қаулымен жұмыс жүргізбей, өңірлердің ерекшеліктері, бала саны және халықтың талап-тілегіне назар аударса, туындайтын кедергілер мен кемшіліктердің орны толтырылады. Елді мекенде осындай мәселенің түйіні шешілгеніне қуанған ауыл тұрғыны өз пікірімен бөлісті.
– Қазіргі пайдаланудағы Қызыләскер мектебіне шамамен 200-ге жуық бала күнделікті қатынап оқиды. Осы ауылдан 3-4 шақырым қашықтықта орналасқан. Кейбірі жаяу барса, біреулері көлік жалдайды. Өзімнің 6 балам бар. Оның 4-еуі мектеп оқушысы. Автобус мәселесін көтергенбіз. Жаңа мектеп салынуына байланысты қарастырылмады. Мына Қосмезгілдегі жаңа мектептің салынуы қажеттіліктен туындады. Бірнеше рет ұсыныс жолдаған едік. Өтініш-тілегіміз орындалып, құрылысы да аяқталып қалды. Жаңа мектептің салынуына атсалысқан азаматтарға ата-аналар мен ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Осында білімді ұрпақтар тәрбиеленіп шығатынына сенемін, – дейді ауыл тұрғыны А.Исабеков.
Мәжілісмен ауданға сапары барысында Оранғай ауылдық округінде бой көтеріп жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 200 орынды оңалту орталығы және Бабайқорған елді мекеніндегі спорт залының құрылыс алаңына да атбасын бұрып, зерделеу жүргізді. Аталған нысандарды 2022-2023 жылдары қолданысқа беру жоспарлануда. Оңалту орталығына 2,9 млрд. теңге бөлінсе, спорттық нысанға 194,6 млрд. теңге қаржы қарастырылған.
Айта кетейік, халық қалаулылары Д.Мыңбай, Қ.Ержан, Қ.Абасовтың Түркістан облысындағы жұмыс сапары 16 тамыз күні басталған болатын. Ауыл-аймақты аралаған олар жергілікті тұрғындар, түрлі сала өкілдері, шаруалар және жастармен жиын өткізіп, түйткілді мәселелерді талқылады. Фракция мүшелерінің түркістандықтармен кездесулері 26 тамызда аяқталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

V ИСЛАМ ОЙЫНДАРЫНАН 4 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕГЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚОҒАМДЫҚ WI-FI ОРНАТЫЛУДА

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.