ИРАНДЫҚТАР ТҮРКІСТАН ӨҢІРІМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУҒА МҮДДЕЛІ — Төрттаған
Среда, 19 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ИРАНДЫҚТАР ТҮРКІСТАН ӨҢІРІМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУҒА МҮДДЕЛІ

Түркістанға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер жұмыс сапарымен келді. Азиядағы ірі мемлекеттің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов кездесіп, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты.

15.08.2022
Жаңалықтар
0
ИРАНДЫҚТАР ТҮРКІСТАН ӨҢІРІМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУҒА МҮДДЕЛІ

READ ALSO

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістанға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі. Азиядағы ірі мемлекеттің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов кездесіп, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты. Алдымен елшіге Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті, экономикалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері таныстырылды.
– Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы байланысты одан сайын нығайтады деп сенемін. 2018 жылы 18 маусымда Түркістан облысы құрылды. Түркістан қаласының облыс орталығы атануы шаһардың дамуына, инвестиция тартуына серпін берді. Өткен жылы облысқа тартылған инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал жалпы облыс құрылғалы бері инвестиция көлемі 5 млрд. АҚШ долларына жетті. Өңіріміз индустриалды-аграрлы аймақтар қатарына кіреді. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда облыс еліміз бойынша екінші орында тұр. Уран қоры бойынша – бірінші орында. Туризмді негізгі табыс әкелуші салаға айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Облысқа 1,5 млн. саяхатшы келді, өңірге келушілер санын 5 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ирандық инвесторлармен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқаруға, оларға мүмкіндіктер ұсынып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деген Арман Сабитов Иранда тұратын ясауитанушы ғалымдарды Қожа Ахмет Ясауиді зерттеу бағытында Түркістанда өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Иран елшісі жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапары барысында 21 маңызды құжатқа қол қойылғанын, екі мемлекет арасында байланыс жаңа сатыға көтерілгенін атап өтті. Түркістан қаласындағы заманауи құрылыстарға жоғары бағасын беріп, осы өңірмен байланысты күшейтуге мүдделі екенін айтты.
– Түркістан қаласына кеш түсе келсем де, шаһардың біраз бөлігін аралап үлгердім. Бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында болғам. Түркістанның өзіндік ерекшелігі бар екен. Иран мен Қазақстан өзара тауар айналымын 3 млрд. долларға жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі таңда ол көрсеткіш – 400 млн. АҚШ доллары көлемінде. Қазақстанның бірқатар өңірімен байланыс орнатылып, жұмыс жүріп жатыр. Енді Түркістан облысымен де іскерлік, экономикалық, мәдени қарым-қатынасты жандандырғымыз келеді. Иран инвесторларымен кездестіруге, іскерлік басқосулар ұйымдастыруға дайынбыз. Түркістанда өтетін форумдар, көрмелер мен жиындарға да делегациялар жіберіп тұра аламыз. Әсіресе ауыл шаруашылығы, кен игеру бағыттарында Иранның тәжірибесі бар. Мәселен біз жүгеріні Бразилиядан импорттаймыз. Сол дақылды Қазақстанда, оның ішінде Түркістан облысында өсіріп, сатып алуға болады. Қазір Қазақстанның жүгерісі тек ішкі нарықтарыңызға ғана бағытталып отыр. Жалпы Иран – үлкен нарық. Ол нарыққа ену сіздер үшін де тиімді екені анық. Түркістанмен тікелей әуе рейсін орнату мәселесін де талқылауға болады, туризм саласы бойынша да әріптестік орнатуға мүмкіндік мол, – деді Маджид Самадзаде Сабер.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ЖАҢА ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ 28 МЫҢ ДАНА ӘСКЕРИ КИІМ ТІГУГЕ ТАПСЫРЫС АЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВВЕДЕНА В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ПОДСТАНЦИЯ «ОРТАЛЫК»

Оқи отырыңызМақалалар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

СИСТЕМА ПОДАЧИ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ЧЕРЕЗ QR-КОД: ЗАПУЩЕН ПРОЕКТ «ВКЛАД ГРАЖДАН В РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА»

14.11.2025
4
QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14.11.2025
5
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Әлемде

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

14.11.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

11.11.2025
6
ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»
Әлемде

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

11.11.2025
5
Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
441

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
170

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.