ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ — Төрттаған
Четверг, 3 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Шардара ауданында биыл 57 800 га суармалы егістік алқапқа агроқұрылымдар тарапынан әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

05.08.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАР АҒЫН СУДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шардара ауданында биыл 57 800 га суармалы егістік алқапқа агроқұрылымдар тарапынан әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Осы егістік алқапқа сор шаю, ылғалдандыру және егілген дақылдарға жазғы вегетациялық суару жұмыстарына қажетті су лимитін бөлу үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы» РМК мекемесіне сұраныс хат жолданды.
Тиісінше аталған мекеме тарапынан жылма-жыл ауа райының құрғақ болуынан э ағын су тапшылығының орын алу мүмкіндігін ескеріп, сұратылған су мөлшерінің 30 пайыз көлемі қысқартыла отырып, ауданға 749,090 млн. м3 ағын су лимиті бекітілді.
Ауданда көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізуді ұйымдастыру үшін аудан әкімінің өкімімен аудандық штаб құрылған. Штаб мүшелерінен құрылған топ бекітілген кестеге сәйкес аудандағы барлық ауыл округтерінде орналасқан шаруа қожалық төрағаларымен басқосу жиындары өткізілді. Жиында егістік алқаптарға суды аз талап ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді, егістік алқаптардың бойында орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, сбростар, ағын су реттеуші қондырғылар, т.б.) талапқа сай ретке келтіруді, су алу кезінде қатаң түрде кезекпен су алу қажеттігін шаруаларға жеткізе отырып, жұмыстар ұйымдастыруды қолға алу ұсынылды. Ағын суды үнемдеп, тиімді пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, ағын суды үнемдеуде және қысқа мерзімде алқаптарды суаруда ауданда ИДЖЖЖ-2 жобасы аясында атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін берді. Аудандағы шаруалар егістік алқаптарға көктемгі сор шаю, ылғалдандыру жұмыстарына 124,29 млн.м3 ағын су пайдаланған болса, жазғы вегетациялық суару маусымы барысында жобамен алдын ала есептеу (суару жұмыстары жалғасып жатқандықтан) есептеу нәтижесі бойынша 227,92 млн.м3 құрап, жалпы суару маусымдарынада 352,21 млн.м3 ағын су егістік алқаптарға жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жалпы жүйелі ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде ауданда көктемгі және жазғы вегетациялық суару жұмыстары барысында шаруалар тарапынан су жетіспеушілігі мәселелері орын алған жоқ. Қазіргі таңда «Казсушар» РМК мекемесі тарапынан шаруалардың сұраныстарына сәйкес, егістік алқаптарға қажетті су көлемі толықтай жеткізіліп берілуде.
Айта кетсек, жылда жауын шашынның аз мөлшерде түсіп, құрғақшылық салдарынан ағын су көлемі азаюы шаруаларға біршама қолбайлау болғаны мәлім. Ағымдағы жылы да ағын су тапшылығы орын алуы күтілген болатын. Алайда биыл көктемгі жауын шашын мөлшері мен көршілес мемлекеттердің тұрақты су беруі және шаруалардың суды тиімді пайдалануы едәуір оң әсер етіп, диқандар уақытылы ағын су алып отыр. Қазіргі таңда аудандағы диқандарға қажетті ағын су мөлшері толығымен жеткілікті.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕТ ӨНІМДЕРІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ ІС

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ «ИШАН БАЗАР» МЕШІТІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.