ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІНДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ БУ-ГАЗДЫ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ — Төрттаған
Среда, 22 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІНДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ БУ-ГАЗДЫ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

15.08.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІНДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ БУ-ГАЗДЫ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Түркістан облысы, Төлеби ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды. Маңызды жобаның таныстырылымына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және тұрғындар қатысты.
— Бұл жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін және ұлттық энергетикалық жүйенің, әсіресе, энергия тапшылығы бар оңтүстік өңірінің сенімділігін арттырады. Икемді генерациялау режимі бар аралас циклді зауыттың құрылысы Қазақстан Республикасының энергетика жүйесіне жаңартылатын энергия көздерін біріктіру үшін қолайлы жағдай жасайды, — деді «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы.
Облыс әкімі энергия тапшылығын шешу бағытындағы бұл жобаның аса маңызды екенін жеткізді.
– Бүгін мегажобаның іргетасы қаланғалы тұр. Өңірге өте ауқымды инвестиция тартылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында Оңтүстік аймақта 1000 МВт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу қажеттігін айтқан болатын. Міне, бүгін Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында өңірімізде маңызды жобаны жүзеге асыру үшін қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысының іргетасын қалағалы тұрмыз. Өздеріңізге белгілі, жыл сайын елімізде электр дефициті байқалып келеді.
Түркістан өңірінде энергия тапшылығы — өте өзекті мәселе. Олысқа қажетті электр қуатының 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады. Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, маңызды бу-газ станциясын (ПГУ) салатын боламыз. Бұл жоба бойынша облысқа болжаммен 722,8 млрд. теңге жеке инвестиция тартылады. Енді осы жоба іске қосылған соң өңірде кәсіпорындар көбейеді, кәсіпкерлік дами түседі. Баршаңызды қуанышты сәтпен құттықтаймын. Жаңа электр орталығы өңірде энергия тапшылығын жойып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті дамытуға оң серпін береді, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Жоба жүзеге асқанда тек Түркістан өңірінде ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасында электр энергиясының сапасын арттырып, энергетикалық жүйенің теңгерімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін болады. Қазір облысқа қажетті электр қуаты 320 МВт болса, аталған жоба арқылы қажеттіліктен үш есе артық электр өндірілмек. Осы арқылы өңір энергия тапшылығынан құтылып қана қоймай, өзге аймақтарды да қамтамасыз етпек. Облыста энегрия тапшылығы жойылған соң ірі кәсіпорындар мен өндіріс те дамиды деген жоспар бар. Жоба 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады. Мамандар бұл жобаны ТМД аумағында баламасы жоқ жобалардың бірі деп бағалап отыр. Құрылыс кезінде 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылса, қондырғы іске қосылған соң 200-ден астам тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Маневрлік генерациялау режимімен қуаты 1000 МВт болатын бу-газды қондырғы құрылысын «ПГУ Түркістан» ЖШС компаниясы жүргізеді. Қазіргі уақытта газ құбырының магистральдық желілеріне қосуға қажетті техникалық шарттары мен «KEGOC» АҚ электр желілеріне қосуға қуат беру схемасы негізге алынып, алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: « АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АРҚЫЛЫ 105 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ОРТАЛЫҚ» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
8
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
363
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
167

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.