ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ САУРАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ САУРАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Сауран ауданы тұрғындарымен кездесуі ашық форматта өтті. Онда өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндаған облыс басшысы алдағы жоспармен де бөлісті. Тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу әлеуметтік желілерде және Түркістан облысы әкімдігінің ресми платформасында тікелей эфирде көрсетілді.

28.07.2022
Жаңалықтар
0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ САУРАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Жыл басынан бері екінші рет ұйымдастырылған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Сауран ауданы тұрғындарымен кездесуі ашық форматта өтті. Онда өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндаған облыс басшысы алдағы жоспармен де бөлісті. Тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу әлеуметтік желілерде және Түркістан облысы әкімдігінің ресми платформасында тікелей эфирде көрсетілді.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жыл басынан бері 200-ден астам кездесу өткізген. Халықпен кездесу кезінде 1000-нан астам мәселе көтерілген. Халықты толғандырған жалпыға ортақ мәселелердің басым бөлігі жүзеге асты. Кей мәселелерді шешуге уақыт қажет. Заң аясында бюджеттен қаржы бөліп, қарастыру үшін. Сәуір айында өткен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің саурандықтармен кездесуінде 30-ға жуық маңызды мәселе көтерілген болатын. Соның тең жартысы жүзеге асты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Сауран ауданын дамыту мәселесі назарда тұр. Қысқа уақытта біраз жұмыс атқарылды. Жоспарлар да көп. Сәуір айында өздеріңізбен жүздескен кезде Ескі Иқан ауылдық округі тұрғындары тарапынан ағын су бағасының жоғарылығы жөнінде мәселе көтерілген еді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өнідірушілердің егістік алқаптарына қажетті ағын судың тарифтік бағасы 251 теңге болып белгіленді. Бұрынғы тариф – 787 теңге болған. 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 елді мекен газға қосылды. Қалған 7 елді мекен «Ескі Иқан» АГТС арқылы газ тұтынады. Бүгінгі күнге АГТС-ін метрологиялық атесттациядан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айында АГТС-ті іске қосу жоспарланған. Содан кейін 7 елді мекен кезең-кезеңімен табиғи газға қосылатын болады. Сауран ауданындағы облыстық маңызы бар «Ынталы» автомобиль жолы жөнделуде. Маңызды жолды жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген. Жалпы әлеуметтік-инфрақұрылымдық мәселелер жүйелі түрде кезең-кезеңімен шешіледі, – деді саурандықтармен кездескен Өмірзақ Шөкеев.
Кездесуде тұрғындар тарапынан жол, инфрақұрылым, спорт нысанын салу, өрт сөндіру бекетін ашу және өзге де сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Одан кейін өңір басшысы тұрғындарды жеке қабылдады.
Сауран ауданы алып құрылыс алаңына айналды. Аудан орталығында мемлекеттік органдардың 5 әкімшілік ғимараты бой көтереді. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен 3 мектептің құрылысына 1 млрд. теңге қаралды. Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Білім ұялары Оранғай мен Ибата елді мекенінде салынып жатыр.
Шорнақ елді мекеніне ауыз су, кәріз жүйесі мен электр желілерімен жабдықтауға арналған инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25 млн. теңге бөлінді (құны 2,5 млрд. теңге). Аудан орталығын ауыз су жүйелерімен қамту жұмыстарына Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Нысандар жыл қорытындысымен пайдалануға беріледі.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Бабайқорған елді мекенінде жаңадан спорт алаңшасы салынуда. Және Шорнақ елді мекенінде ұзындығы 20 шақырымға жуық 20 көше жарықтандырылып, асфальт төселеді. Бұдан бөлек Сауран ауданын абаттандыруға, желілік саябақ пен балалар алаңы мен футбол алаңшасын салуға 530 млн. теңге қаралды. Автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Кездесуден кейін Өмірзақ Шөкеев Шорнақ ауылында салынып жатқан әкімшілік және өзге де ғимарат құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Жауапты басшыларға құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТƏЛІМБАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ 65%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.