ПОЛИЦИЯ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ — Төрттаған
Среда, 21 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ПОЛИЦИЯ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Қазақстан по­ли­ция­сы­ның 30 жыл­дығына ар­нал­ған ме­рекелік іс-шаралар елі­міз­дің барлық өңірінде ата­лып өтті. Атаулы ме­рекені аудан­дық тыныш­­тық сақ­шылары да жо­ға­ры дең­гей­де ұйымдас­тыр­ды.

15.07.2022
Жаңалықтар
0
ПОЛИЦИЯ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Қазақстан по­ли­ция­сы­ның 30 жыл­дығына ар­нал­ған ме­рекелік іс-шаралар елі­міз­дің барлық өңірінде ата­лып өтті. Атаулы ме­рекені аудан­дық тыныш­­тық сақ­шылары да жо­ға­ры дең­гей­де ұйымдас­тыр­ды.
Ау­дандық полиция бө­лімінің ұжымы төл мереке­сін қос қуа­ныш­пен қарсы алды. Биыл олардың ғима­ра­ты толық­қанды күрделі жөн­деу­ден өтіп, қо­сымша құры­лыс­т­армен то­лық­ты. Аудандық ішкі істер бөлімінің бұ­рынғы бас­шылары мен ардагерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері іс-шараның төрі­нен орын алды.
Мерекелік жиынның ашылу рәсімінде сап түзе­ген аудандық ішкі істер бөлімі қыз­меткер­ле­рі­нің іс-шараға дайын екен­дігі жөнінде бөлім бас­т­ығының бірінші орын­­­басары, по­лиция под­пол­ковнигі Ба­қытжан Махам­бетов аудан әкімі Бағ­лан Батыршаевқа ра­порт берді.
Мұнан соң Қазақстан Рес­публикасының гимні орын­далып, полицейлер сап түзеп, еліміздің көк туын салтанатпен алып шық­­ты. Мерекелік жиында әс­ке­ри қайраткер, гене­рал-майор Шерімхан Шам­баев пен Түр­кістан облысы По­ли­ция де­партаменті басты­ғы­ның орын­басары Бауыр­жан Са­пар­­ұлы сөз алып, еңбегі ерен бірқатар аза­мат­тарға «Қа­зақстан по­ли­циясына 30 жыл» ме­ре­­ке­лік медалін та­быс­тады.
Сөз алған аудан әкімі Бағлан Батыршаев:
— Аудандық полиция бө­­лімінің ғимараты ірге­та­­сы қаланғаннан бе­рі кү­рде­лі жөндеу көр-ме­ген. Әбден тозығы жет­кен ны­сан заман талап­тарына сай емес еді. Биыл аудан­дық бюджеттен қар­жы бөлініп, бөлім ғи­ма­раты күрделі жөндеуден өт­ті. Құрылыс жұмыс­тарына байланысты төл мереке уақытынан кейін өтіп жа­тыр. Дегенмен, жаңа ны­санда барлық жағдай жасалынған, — деді аудан басшысы.
Аудандық мәслихат хатшысы Қасымбай Әб­ді­халық та уақытпен са­нас­пай қыз­мет етіп жүрген ішкі істер бөлімінің қыз­меткерлерін құттық­тап, жұ­мыстарына табыс тіле­ді.
Мұнан соң аудан әкімі Бағ­­лан Дәнебекұлы мен мәс­­­лихат хатшысы Қа­сым­бай Әбдіхалық жау­ап­­­ты жұ­мыс­­та қыра­ғы­лық таныт­қан қыз­мет­керлерді аудан әкі­мі­нің, мәс­­­лихат хатшы­сының, «Ама­­­­нат» партия­сының ал­ғыс хатта­ры­мен мара­пат­тады.
Өткеніңді еске алмай, бо­лашақ баянды болмас. 1976 жылы осы бөлімнің ір­гетасын қалап, аудандық милицияны басқарған Жә­ні­­бек Рахиевқа арнап бө­лім қабырғасына естелік тақ­­тайша орнатылған екен. Ж.Рахиевтің ұрпақ­тары Уалихан, Серік Рахиев­тер, келіні, аудан­да­ғы бел­гілі кә­сіпкер ана Айымхан Ра­хие­ва ескерт­кіш тақ­таны сал­­та­на­т­ты жағ­дай­да ашып, ата­ла­рына қа­тысты ес­те­ліктер айтты. Соны­мен қа­тар осы бөлім­де қыз­мет еткен по­лицей­лер жайын­да «Қа­сиет­ті Орда­ба­сының ай­­бынды сақшы­ла­ры» ат­ты кітап­тың тұ­сауы ке­сіл­ді.
Одан соң Түркістан об­лы­­сы Полиция депар­та­мен­ті бастығының орын­басары Бауыр­жан Са­пар­ұлы аудан­дық по­ли­ция бө­ліміне үш ав­то­көліктің кіл­­тін сал­та­натты жағ­дайда тап­сырды.
Ме­­ре­­ке­лік шара ба­ры­сында ау­дандық полиция бөлімінің бастығы, поли­ция подполковнигі Ға­лым­жан Қуашбаев сөз алып:
— Атаулы мерекеде ардагерлерді және жеке құ­рамды Қазақстан полиция­сы­ның күнімен шын жү­рек­тен құттықтаймын! Еліміз­дің тыныштығын күзетуші тәртіп сақ­шыларына және олар­дың отбасыларына құт – бе­реке, зор денсау­лық, аман­дық тілеймін!, — деді.
Шара соңында арнайы келген қонақтарға дастар­қан жайы­лып, қызметте жүріп оқыс­­тан қаза тапқан және өмі­р­­ден өткен әріп­тес­терінің рух­­тарына ар­нап Құран ба­ғыш­­­талды.
 Ғалымжан ЗИЯБЕК, Нүридін ШӘМШІҰЛЫ, Гүлмира ЕЛБАСИЕВА,
өз тілшілеріміз.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАДА БИЛЬЯРДТАН 1 ОРЫН АЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.