Ordabasy: Үйіргелік жерлердің үлесін арттыру көзделуде — Төрттаған
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ordabasy: Үйіргелік жерлердің үлесін арттыру көзделуде

Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың ауылдық округтердегі есепті кездесуі Қараспан ауылында жалғасын тапты. Берген ауылдық Мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы өткен 6 айда ауылда атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл тұрғындарына баяндама жасады.

13.07.2022
Жаңалықтар
0
Ordabasy: Үйіргелік жерлердің үлесін арттыру көзделуде

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың ауылдық округтердегі есепті кездесуі Қараспан ауылында жалғасын тапты. Берген ауылдық Мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы өткен 6 айда ауылда атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл тұрғындарына баяндама жасады.
«Ауданға қарасты ауылда ауыл шаруашылық саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Әсіресе «Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша 12 шаруа қожалық иелері 42 га жерге көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын егіп, бірінші өнімен 310 тонна өнім алды. Алда ылыжай көлемін қосымша 3,5 га ұлғайту көзделіп, ауыл шаруашылығы техникаларын қосымша 7 данаға арттыру көзделуде. Мұнан бөлек, өткен 6 айда «Бакдаулет 7» ӨК инвестициялық құны 145 млн. теңге құрайтын, 2 жаңа жұмыс орнымен мал бордақылау алаңы іске қосылды. Жалпы жыл соңына дейін жалпы құны 170 млн. теңгені құрайтын тағы 2 кәсіпкерлік нысан ашылады деп жоспарлануда», деді аудан әкімі ауыл тұрғындарымен кездесуде.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары инженерлік-инфрақұрылым мәселелері бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Өз кезегінде сала жауаптылары мәселенің мән-жайын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын тілге тиек етті.
«Жұлдыз, Көлтоған, Ақпан, Қараспандағы ішкі орамдық көшелерге жол салу жұмыстары күз айында аяқталады. Қараспан, Мәдениет, Берген ауылдарында спорт алаңшасы мен арка салуға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Төреарық, Мақташы, Батыр ата, Көлтоған, Бейсен, Берген, Ақжол ауылдарына газ тарту жұмыстары да кестеге сай жүргізілмек. Нысан 2023 жылға өтпелі. Салалық басқармаға Жұлдыз, ынтымақ, Жаңатұрмыс, Мәдениет ауылдарына газ жүргізу бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға ұсынылды.
Қараспан ауыл округі бойынша 14 елді мекеннің 7-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Сарыарық, Бейсен-Мақташы, Қараспан үш елді мекеннің ауыз су құрылыс жұмыстары жүргілуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Биыл аудан бюджеті есебінен Көлтоған ауылы Ақжол көшесіне 0,26 шқ электр желісін және куаттылығы 40 кВА трансформатор орнатуға 4 млн. 510 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаз мердігер «Даулет Компани Трейд» ЖШС келісім шарт түзілді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Қараспан ауылындағы КТП-218 трансформатордан шыққан 0,4 кВ ұзындығы 3,2 шқ электр желілері ауыстырылуда», деді аудан әкімі өз баяндамасында.
Ауылдағы білім беру мен денсаулық сақтау саласында да бірқатар жобалар қолға алынған. Атап айтар болсақ, 2021 жылы облыстық бюджеттен құрылысы басталған Мақташы ауылындағы З.Исабеков атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Көлтоған ауылындағы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ жасалынған. Ал, «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында Көлтоған Төреарық елді мекендерінен ФАП салу бойынша қазіргі таңда МСА рәсімдері жүргзіліп, мердігер мекеме «AR Kua Group» ЖШС болып анықталды, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Айта кетерлігі, биыл ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Қараспан ауыл округі бойынша жалпы көлемі 1 649,3 гектар ортақ жайылымдық жерлер бекітіліп берілген. Қосымша 3 206 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ordabasy: Аудан орталығы дамып, гүлденіп келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ordabasy: Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер аудан әкімінің тікелей бақылауында

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
428

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
350
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.