Бұл туралы Шұбарсу ауылдық округінде өткен халықпен кездесуде аудан әкімі Бағлан Батыршаев мәлімдеді.
«Есепті кезеңде ауылдық округке 743 млн. тг. инвестиция тартылды. Ауқымды жұмыстар 4 кезең бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, жеке кәсіпкерлік есебінен ЖК «Есенбаева Баян» спорт кешені, ЖК «Қарабекова Гулжазира» бастауыш мектебі жобасы, ЖК «Шәдіқожа Төлеген» азық-түлік дүкені, ЖК «Байбеков Налибай» құрылыс заттар дүкені ауыл экономикасының дамуына серпін бермек. Сонымен қатар, жыл соңына дейін инвестициялық құны 726 млн. теңгені құрайтын 11 кіші кәсіпкерлік жоба іске асырылады деп күтілуде. Мұнан бөлек, инвестициялық құны 35,0 млн. теңге құрайтын фитнес орталығының құрылысы жүргізілуде. Тойхана, тамақтану орны, жеке меншік меткеп құрылысы және Шымкент-Самара тас жолы бойынан арнайы белгіленген жер телімінде «Ордабасы өнімдері» атауымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арнайы сауда орнын құру жобасы жоспарлануда», деді аудан әкімі халықпен есепті кездесуде.
Бүгінде Шұбарсу ауылы жылыжайлардың орталығына айналуда. Шұбар ауыл округі тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында аудан әкімдігінің бастамасыменен жылыжай құрылысын жүргізу үшін 70 тұрғынның әр біріне 15,0 соттық жер телімі рәсімделіп берілген.
Қазіргі таңда 45 адам жылыжай құрылысын құрып, 90 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде аталған жылыжайлардан көкөніс өнімдері алынуда.
Игерілмеген жер телімдері анықталып, өзге ниет білдірушілерге рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жеке қосалқы шаруашылық жерлерді игеру жобасы бойынша 18 тұрғын үйдің қосалқы жерлерлеріне тамшылатып суару жүйелері ендірілді. Отбасылық шағын 8 мал бордақылау алаңдары, 3 бірлік жанұялық сүт фермасы ашылды.
«Қуантарлығы Шұбарсуда республикалық «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша автожол, табиғи газ, электр энергиясы, ауыз су инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қазіргі таңда Д.Қонаев көшесіне асфальт төселіп, жол бойына аяқжолдар мен жарық шамдар орнату жұмыстары басталуда. Әрі ауылдың ішкі орамдық топырақ көшелеріне тас төселуде. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады.
Шұбарсу ауыл округіне 2022 жылы электр желі құрылысына жалпы 2 млрд. 866 млн. 062 мың теңге қаралған. Шұбарсу ауылын электрлендіру құрылысы 5 кезеңнен тұрады. Шұбарсуда «Таза су» МКК 7 тұрғын алабын ауыз сумен қамтуда. Аталған ауылды ауыз сумен қамту үшін 5 кезеңде жүргізу жоспарланған», деді аудан әкімі өз сөзінде.
Шұбарсу ауылдық округінің Мәдениет үйінде өткен есепті кездесуде аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы 2021 жылы 1 млрд. 505 млн. 458 мың теңгеге Арал-Эко алабында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп жатқандығын, білім беру мекемесі 2023 жылы пайдалануға берілетіндігін тілге тиек етті.
Бұдан бөлек 2022 жылы жеке инвесторлар есебінен Шұбарсу елді мекенінен 1200 және 600 орындық жеке меншік мектептер салу жоспарлануда.
Айта кетерлігі, 2022 жылдың бірінші жартысында нақты 361 адам әлеуметтік көмекке тартылса, 1 шілдеде 1784 отбасыға 390021,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 1-6 жасқа дейінгі 2375 балаға 53141,3 мың теңгеге кепілдік ретінде әлеуметтік топтама берілді.
Халықпен кездесуден соң аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың сұрақтарын мұқият тыңдап, тиісті сала жауаптыларына халықтың арыз-шағымын дер кезінде қарап, мәселені оңды шешуді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі