ТҮРКІСТАНДА КҮН КӨЗІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН МЕКТЕПТЕР САНЫ АРТАДЫ — Төрттаған
Пятница, 23 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КҮН КӨЗІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН МЕКТЕПТЕР САНЫ АРТАДЫ

13.09.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА КҮН КӨЗІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН МЕКТЕПТЕР САНЫ АРТАДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Адамзат баласы бүгінде баламалы энергия көздерін дамытуға бет бұрды: жел, күн энергиясын кәдеге жарата алсаңыз, оның пайдасы көп-ақ. Әлем елдері бұрыннан-ақ мұндай энергияның пайдасын көріп келеді. Жаңа ғасырдағы жаңа игіліктерді пайдалануда бізде де бетбұрыс бар. Жер-жерде күн, жел энергиясын өндіретін стансалар салынып жатқаны мәлім.  Бұл «жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде. «Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнім­дерін өндірістік циклге қай­таруды қамтамасыз ететін экономика. Бұл бірін­ші кезекте, қазіргі уақытта сар­қы­луға ұшыраған ресурстар­ды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сар­қыл­майтын ресурстарды тиім­ді пайдалануға қызмет етеді.
Осы орайда, Түркістан қаласы да жасыл экономикаға аяқ басып келеді.
Қазақстандағы «Шелл» концернінің қолдауымен Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күннен қуат алатын электр қондырғысы орнатылмақ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Solar for Schools жобасының жетекшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасы Күләш Шамшидиновамен кездесіп, маңызды мәселені талқылады. Түркістан облысы әкімдігі жаңа жобаны жан-жақты қолдау әзір. Ол туралы Сәкен Қалқаманов баяндап, жоба жетекшілерімен тығыз байланыс орнатылатынын жеткізді.
Бұл жоба өскелең ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және баламалы энергия көздерінің жаңа мүмкіндіктері жайында хабардар етуге бағытталған. Оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін де маңызды. Күн жүйелері мектептердің энергия тұтынуын төмендетуге мүмкіндік береді және бұл жасыл экономиканың жаһандық мәнін дәлелдейтін көрсеткіш. Жоба жүзеге асқанда оқу орны тұтынылатын электр энергиясын жылына 30%-ға дейін үнемдейді. Әрі оқушылардың зертхана орталығына айналады.
Осыған дейін Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылған еді. Білім ұясының аумағында орнатылатын күн қуатын пайдаланатын заманауи құрылғы Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Eni» компаниясының мұрындық болуымен жүзеге асты.
«Шелл» компаниясынан осыған дейін Нұр-Сұлтан, Орал, Атырау, Алматы қалаларындағы білім ошақтарында осындай күн станцияларын орнатқан.

«Eni» компаниясы және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы  аясында  қолға алған жоба аясында күн панелімен сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылып, оқу сыныптарындағы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды. Арнайы жылу реттеу клапандары, энергия үнемдейтін құралдар, су құбырына есептегіштер, жарықдиодты шамдар, термореттегіштер орнатылды. Осы жобаның көмегімен 1900 оқушы білім алатын мектеп күн электр станциясының игілігін көріп жатыр.

Жалпы, мектепті жаңғырту жобасы шығындарды, энергия тұтынуды және көмірқышқыл газы мөлшерін қысқартады. «Жасыл» экономиканы дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, ауаны тазартуға мүмкіндік береді. «Eni» мен БҰҰДБ осы жобаны үлгі ретінде ала отырып, елде қуат үнемдеу бағдарламаларын жалғастыруды көздеп отыр.

– 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық мақсатына жету – Қазақстан үшін де, әлем елдері үшін де аса маңызды басымдық. БҰҰДБ энергетика секторындағы трансформация аясында ҚР Үкіметімен және барлық серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.

– Осы бастаманың арқасында мектеп көміртегі шығарындыларын азайтып, қуат үнемдеу мақсатына қол жеткізді. Қондырғының көмегімен энергия тұтынуын азайта алады, – деді «Eni»-дің Орталық Азия өңірі бойынша басшысы Лучано Васкес.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ БАР

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.