ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ОҚУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҮШІН 100 АВТОБУС БӨЛІНЕДІ» — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ОҚУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҮШІН 100 АВТОБУС БӨЛІНЕДІ»

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуінде инфрақұрылым, жер беру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мектеп ғимаратын жөндеу, электр қуатымен қамту, мәдениет үйін салу, жайылым және өзге де мәселелер көтерілді. Облыс әкімі алдымен еліміздегі саяси реформаларға, облыстың экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, жұртшылықты референдумға қатысуға шақырды.

03.06.2022
Жаңалықтар
0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ОҚУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ҮШІН 100 АВТОБУС БӨЛІНЕДІ»

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуінде инфрақұрылым, жер беру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мектеп ғимаратын жөндеу, электр қуатымен қамту, мәдениет үйін салу, жайылым және өзге де мәселелер көтерілді. Облыс әкімі алдымен еліміздегі саяси реформаларға, облыстың экономикалық көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, жұртшылықты референдумға қатысуға шақырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде саяси реформалар жүріп жатыр. Суперпрезиденттік жүйеден бас тарту, Парламенттің ықпалын арттыру, қоғамды демократияландыру бағытында нақты істер атқарылуда. Осы реформаларды жүзеге асыру үшін Ата Заңға өзгеріс енгізу мақсатында 5 маусымда референдум өтеді. Бәрі тікелей халықтың дауысы арқылы шешіледі. Баршаңызды осы референдумға қатысуға шақырамын. Бұл – елдің жарқын келешегіне, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға жол ашатын өзгеріс, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Кездесу алдында өңір басшысы Леңгір қаласындағы орталық «Жастық» стадионында жастар арасындағы футбол бәсекесін тамашалап, спортшылар мен жаттықтырушылардың ұсыныс, пікірлерін тыңдаған болатын. Халықпен кездесуде облыс әкімі білім саласын, спортты, мәдениетті дамытуға қолдау жалғасатынын мәлімдеді.
– Өңірде барлық сала өз бағытында дамып келе жатыр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға артып, 707,8 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында 906,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Осы салада жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Былтыр елімізде 200-дей мектеп берілсе, оның 47-сі Түркістан облысында ашылды. Жалпы 5 жылда 200 мектеп салынады. Білім алған дұрыс, оның ішінде техникалық мамандықтарға бастайтын пәндерді терең меңгеру керек. Бірақ біліммен қатар спортты да қатар алып жүру керек. Еңбек пен спорт адамды шыңдайды. Облыста спорт нысандары бой көтерді. Түркістанда «Мұз» сарайы, ескек есу базасы, ірі спорт кешендері салынып жатыр. Ауыл-аймақта да осы үрдіс жалғасуы тиіс. Нағыз чемпиондар ауылдан шығады. Мәдениет нысандары да көбеюде. Біз бұл бағытта жұмысты тоқтатпаймыз. Облыстың барлық аудан, қалаларын дамыту біздің назарымызда тұр, – деген өңір басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Қаланы сапалы электрмен қамту жөніндегі сұраққа бұл мәселе жеке бақылауында тұрғанын, республикалық бюджетке ұсыныс енгізіліп, Леңгірдің электр және кәріз мәселесі шешімін табатыны жөнінде жауап берді. Сонымен бірге жайылым тапшылығын жою бағытында жұмыс жалғасатынын, бұл ретте тұрғындар, қоғам белсенділері де бірлесе жұмыс атқаруы керек екенін, малды жайылымға жіберіп қана қоймай, бордақылау алаңдарын көбейту дұрыс қадам болатынын жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкерлікке қолдау, қаланы абаттандыру, жер беру мәселелері бойынша да өтініштерге жауап берді. Оқушылар тасымалы, туризмді дамыту, екі ауылдық округте мәдениет үйін салу түйткілдері де тарқатылды.
– Төлеби ауданында өмір сүретін адамдарды бақытты деп есептеймін. Өйткені табиғаты айрықша, өмір сүруге өте қолайлы. Ауданның туристік әлеуетін көтеруде ауыл тұрғындарын осы салаға баулу керек. Өзбекстанның тәжірибесіне сүйеніп, әр үйді туристер түсетін қонақ үй ретінде бейімдеп, ел табысын арттыруға толық мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік туралы сұраққа келсем, бізге үлкен зауыттардан гөрі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қолайлы. Мемлекет тарапынан тегін оқулар өткізіліп, гранттар берілуде. Қолдау күшейтіледі. Мектеп салудың өз заңдылығы бар. 200-300 адам тұратын елді мекендерге мектеп салу тиімсіз. Бұл ретте біз оқушыларды көрші ауылдардағы білім ұяларына тасымалдау жөн деп есептейміз және таяу уақытта облысқа оқушылар тасымалы үшін 100 автобус бөлінеді деп жоспарланып отыр, – деген Өмірақ Естайұлы одан кейін бір топ тұрғынды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі осыдан бір ғасыр бұрын салынған көпқабатты үйлердің апатты жағдайын айтты. Облыс әкімі бұл түйткіл назарға алынып, жаңа үйлер салу бойынша жұмыс жүретінін жеткізді.
Төлеби ауданында былтыр өнеркәсіп өнімінің көлемі – 45,4 млрд. теңгені, инвестиция көлемі – 16,7 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 55,6 млрд. теңгені құрады. Биыл 65 мың гектардан астам жерге егін егіледі. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 165 жоба іске асады. Былтыр ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. теңгені құрап, 31856 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 17 елді мекенде 33 жоба іске асырылған. 10 елді мекенде жалпы ұзындығы 47,7 шақырым болатын 28 көшеге асфальт төселген. 5 елді мекенге жаңа ауыз құбыры тартылып, 1 нысан пайдалануға берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ДЕМЕУШІЛЕР БІР ОТБАСЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ordabasy: Көк туды желбіреткен автошеру өтті

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.