ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕПКЕ КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 25 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕПКЕ КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылды. Бүгін аталған жобаның ашылу салтанаты өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, «Eni» компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басшысы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Лучано Васкес, «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато мен мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.

19.05.2022
Жаңалықтар
0

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 IT лицейіне қуаттылығы 50 киловатқа тең күн электр станциясы орнатылды. Бүгін аталған жобаның ашылу салтанаты өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, «Eni» компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басшысы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Лучано Васкес, «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато мен мектеп ұжымы, оқушылар қатысты.
Салтанатты жиында облыс әкімі жаңартылатын энергия көздерін дамыту өте маңызды екенін мәлімдеп, күн көзінен қуат алатын мектептің ерекшелігін атап өтті.
– Түркістанда тарихи оқиғаның куәсі болып тұрмыз десек болады. «Eni» компаниясы мен БҰҰ Даму бағдарламасы қаламыздағы мектепке күн қуатын пайдаланатын қондырғы орнатып, жұртшылыққа ұсынып отыр. Облыста демографиялық өсім жоғары. 900 мектеп бар. 2025 жылға дейін өңірде 200 білім ұясын салуды жоспарлап отырмыз.
Мектеп салу басқа, оның заманауи оқу бөлмелерімен, технологиямен қамту керек. Бүгін жиналып отырған білім ұясында информатика пәні тереңдетіліп оқытылады. Бірінші рет осы мектепке күн электр қондырғысын орнатып отырмыз. Біріншіден, мектептің электр қуатына жұмсайтын шығыны едәуір азаяды, екіншіден, оқушылар жаңартылатын энергия қалай өндірілетінін өз көздерімен көріп өседі, – деді Өмірзақ Шөкеев.
«Eni» компаниясы мен Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және Түркістан облысының әкімдігі қолға алған жоба аясында күн панелімен сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылып, оқу сыныптарындағы жарықтандыру жүйесі жаңғыртылды. Арнайы жылу реттеу клапандары, энергия үнемдейтін құралдар, су құбырына есептегіштер, жарықдиодты шамдар, термореттегіштер орнатылды. Осы жобаның көмегімен 1900 оқушы білім алатын мектеп күн электр станциясының игілігін көріп жатыр.
Мектепті жаңғырту жобасы шығындарды, энергия тұтынуды және көмірқышқыл газы мөлшерін қысқартады. «Жасыл» экономиканы дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, ауаны тазартуға мүмкіндік береді. «Eni» мен БҰҰДБ осы жобаны үлгі ретінде ала отырып, елде қуат үнемдеу бағдарламаларын жалғастыруды көздеп отыр.
– 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптық мақсатына жету – Қазақстан үшін де, әлем елдері үшін де аса маңызды басымдық. БҰҰДБ энергетика секторындағы трансформация аясында ҚР Үкіметімен және барлық серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, – деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш.
– Осы бастаманың арқасында мектеп көміртегі шығарындыларын азайтып, қуат үнемдеу мақсатына қол жеткізді. Қондырғының көмегімен энергия тұтынуын азайта алады, – деді «Eni»-дің Орталық Азия өңірі бойынша басшысы Лучано Васкес.
Салтанатты жиынға қатысушылар аталған мектеп оқушыларының қолынан шыққан жобалар көрмесін көріп, шағын концерттік бағдарламасын тамашалады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНА ИНВЕСТОР КЕЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНҒА ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ КЕЛІП, ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭЛЕКТР КӨЗДЕРІН ДАМЫТУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.