ТҮРКІСТАН МЕН АНКАРА АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕН АНКАРА АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

Түркістан облысына Анкараның губернаторы Васип Шахин жұмыс сапарымен келді. Бауырлас елдің бас өлкесінен келген мәртебелі мейманмен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесіп, екіжақты байланыстарды талқылады. Кездесуде қоғамның сан саласы бойынша әріптетікті нығайту бағытында келелі ойлар айтылды.

17.05.2022
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН МЕН АНКАРА АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Түркістан облысына Анкараның губернаторы Васип Шахин жұмыс сапарымен келді. Бауырлас елдің бас өлкесінен келген мәртебелі мейманмен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кездесіп, екіжақты байланыстарды талқылады. Кездесуде қоғамның сан саласы бойынша әріптетікті нығайту бағытында келелі ойлар айтылды.
Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихы тереңде екеніне тоқталып, алдағы даму жоспарымен бөлісті. Түрленген шаһарды өмір сүруге қолайлы, ғылымы мен мәдениеті дамыған ірі оазиске айналдыру миссиясы жүктелгенін, осы бағытта жұмыс жүріп жатқанын айтты.
– Қазақ үшін түрік халқы бауыр әрі ең жақыны болып саналады. Оны түрік бауырлар іспен дәлелдеп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға мемлекеттік сапармен барды. Түркия тарапы Президентімізді үлкен құрметпен қарсы алып, екіжақты маңызды келісімдерге қол қойылды. Осы келісімдерден кейін байланыс одан сайын тереңдейді деп сенемін. Түркістан облысының дамуына да түрік инвесторлары үлес қосып жатыр. Халықаралық әуежайдың құрылысын өте қысқа мерзімде талапқа сай етіп аяқтады. Қазіргі таңда заманауи госпитальдің құрылысын жүргізіп жатыр. Түркі кеңесі ұйымы аясында Түркістанда еркін экономикалық аймақ ашуға арнайы орын әзірлеуге де дайынбыз. Әсіресе, Анкара қаласынан жаңа технологияларды ендіру, ғылымды, туризмді дамыту бойынша әріптестік орнатуға мүдделіміз, – деді Ө.Шөкеев.
Анкара губернаторы Васип Шахин Түркістанның қысқа уақытта өзгеріп, құрылысы дамыған қалаға айналғанына ризашылығын білдірді. Анкараны дамыту бағытындағы жұмыстармен бөлісті. Қожа Ахмет Ясауи ұстаз орда тіккен Түркістанды қолдау абыройлы іс екенін жеткізді.
– Анкара – Түркияның ең стратегиялық маңызды қаласының бірі. Ел астанасы ретінде өзіне жүктелген міндетті орындап келеді. Жоғарғы технологияларды дамыту, ғарышты игеру, ғылым саласы бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өнім экспорттау бойынша да Анкараның орны айрықша. Байланысты барынша нығайтып, Түркістанға қолдау көрсетуге, іскерлік қатынас орнатуға дайынбыз, – деді В.Шахин.
Кездесу соңында түркиялық мейманға естелік сыйлық тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шетел делегациясына Түркістан қаласындағы жаңа нысандарды көрсетті. Түркі әлемінің рухани астанасында бой көтерген Түркістанның театры мен «Farab» кітапханасында болған Анкараның губернаторы ондағы қарқынды жұмыстарға куә болып, оң бағасын берді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, тарихына қанықты.
Осы жұмыс сапары аясында Анкара губернаторы Түркістанның тарихи орындарын аралап, жастармен кездеседі деп жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІ ҚОЙЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.