Ауданымыздың тазалығына жауапты коммуналдық мекеме (“Саяжай бастау”) қызметкерлері ауарайының (жауын-шашын) қолайсыздығына қарамастан Темірлан ауылының көшелерін аралап, күл-қоқыстан тазартуда.
Сала қызметкердері бекітілген график бойынша “Байқал” мөлтек ауданында орналасқан көшелердің тұрмыстық қатты қалдықтарын арнайы техникаға тиеп, бекітілген қоқыс полигонына жеткіздуе.
Осы орайда барша аудан тұрғындарын қоршаған ортамыздың тазалығына жауапты мекеме қызметкерлерінің жұмысына құрметпен қарап, күл-қоқыстарды белгіленген уақытта, арнайы орындарға шығарып қоюын сұранамыз.
Туған өлкеміздің тазалығын сақтауға баршамыз бірлікте атсалысайық, жерлестер!