ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА «КӘДІМГІ ЗАТТАР» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Пятница, 23 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Руханият

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА «КӘДІМГІ ЗАТТАР» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгінде әйел құқығын қорғау мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Статистика бойынша әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Қазақстанда пандемия кезінде тұрмыстық жанжалда кісі өлтіру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға жүгіну саны анағұрлым өскен.

05.05.2022
Руханият
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДА «КӘДІМГІ ЗАТТАР» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Бүгінде әйел құқығын қорғау мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Статистика бойынша әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Қазақстанда пандемия кезінде тұрмыстық жанжалда кісі өлтіру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға жүгіну саны анағұрлым өскен. Бір қуанарлығы, Түркістан облысында әйелдердің құқығын қорғау, оларға жан-жақты көмектесу бағытында халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді.
Өңірдегі адам құқығын қорғау бағытындағы тың жобалардың жүзеге асуының нәтижесінде Түркістан облысының бастамалары БҰҰ өкілдері тарапынан оң бағаланды. Бүгін осы ынтымақтастық нәтижесінде Түркістанда БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестіруші кеңсесі, ЮНФПА, «БҰҰ – әйелдер» құрылымы және «STEPPE» интернет-басылымының бірлескен іс-шарасы өтті. «Кәдімгі заттар» көрмесіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты.
Көрменің мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару. Экспозицияда бір қарағанда қарапайым болып көрінетін стакан, кітап, аяқ киім және өзге де заттар ұсынылған. Бірақ әрқайсысының артында зорлық-зомбылыққа тап болған, ал кейбір жағдайларда оның құрбаны болған адамның шынайы тарихы жатыр. Сондықтан бұл көрмені халық саны көп Түркістан облысында өткізу таңдалған. Жиында облыс әкімінің орынбасары іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
– Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге арналған көрменің Нұр-Сұлтан мен Женева қалаларынан кейін Түркістанда ашылғанына қуаныштымыз. Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық пен гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық әрекет ету жүйесі сынақтан өтті және 2021 жылы Түркістан облысының тәжірибесі Орталық Азия елдеріне арналған кеңесте таныстырылды. Көршілес елдер тарапынан қызығушылық байқалды. Зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау жөніндегі өңірлік қызметтер құрылды. Ана мен бала құқығын қорғау, олардың дамуына жан-жақты жағдай жасалуда. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тиісті қаржы бөлініп, облыста екі дағдарыс орталығы жұмыс істеп жатыр. Қосымша үш дағдарыс орталығын ашу жұмысы жүруде. ЮНФПА-ның техникалық қолдауымен тиімді жұмыстар атқарылып келеді, – деген Сәкен Қалқаманов ұйымдастырушы тарап – Канада елшілігіне, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестіруші кеңсесіне, ЮНФПА және БҰҰ өкілдеріне алғысын білдірді.
– Әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық – жаһандық проблема. Мұнымен үздіксіз күрескен жөн. Біз «Көмек» деген кризистік орталыққа бардық. Ол жердегі болашағына деген үміті бар және балаларына деген сүйіспеншілігі ерекше аналардың бейнесі бізді елжіретті. Аталмыш орталықтардың маңызы үлкен. Сондықтан сол жобаның басқарушыларына, облыс әкімдігіне және осындағы барлық әріптестеріме алғысым шексіз. Сондай-ақ осы көрмеге өздеріңіз әйелдер қауымы ғана емес, ер адамдардың да келгені маңызды екенін атап өткім келеді, –деді Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестіруші Микаэла Фриберг-Стори.
Түркістан облысы көпбалалы аналар саны бойынша елімізде көш бастап тұр. Облыста әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етуде. Өңірде шамамен 145 мыңнан астам кәсіпкер болса, 45 мыңға жуық шағын және орта бизнеске әйелдер басшылық жасайды. Әсіресе, облыстағы қыз-келіншектердің басым бөлігі білім беру мен денсаулық саласында жұмыс атқарады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

БҰҰ ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАНДЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ШАҺАР ДЕП БАҒАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОҒЫСТЫҢ 22 АРДАГЕРІНЕ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Руханият

ТҮРКІСТАНДА АЛАШ АРДАҚТЫЛАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

13.09.2024
13
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
94
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Руханият

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

07.12.2023
30
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ
Руханият

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»
Руханият

ТҮРКІСТАН: «ЖАҚСЫ ДӘСТҮР УАҚЫТТЫ ЖАТСЫНБАЙДЫ»

07.12.2023
31
«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Руханият

«ТҮРКІСТАН ТАЛАНТТАРЫ» ЖОБАСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

06.12.2023
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
429

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
352
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.