ТҮРКІСТАНДА «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Береке бастауы - бірлік» атты іс-шара өтті.

03.05.2022
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА «БЕРЕКЕ БАСТАУЫ – БІРЛІК» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Береке бастауы — бірлік» атты іс-шара өтті.
Достық пен татулықты паш еткен мерекелік шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, еңбек және шығармашылық ұжымдарының өкілдері, сондай-ақ облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиынға қатысушылар алдымен іс-шара аясында этнос өкілдері ұйымдастырған қолөнер көрмесін тамашалады.
Салтанатты жиында жиналған жұртшылықты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлік пен ынтымақ – мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. Осы құндылықтардың арқасында Қазақстан іргелі әлеуметтік-экономикалық табыстар мен саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Бүгінде Түркістан облысында 50-ге жуық этностың өкілдері берекелі бірлік пен тату-тәтті өмір сүріп жатыр, өңірімізде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеген болатын. Ендігі кезеңде бірлігімізді сақтай отырып, ынтымақ пен қажырлы еңбектің арқасында Жаңа Қазақстанды өркендетуге атсалысайық! – деді Аңсар Жаңабайұлы.
Мерекелік іс-шарада Ш. Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясы өнерпаздарының арнайы әзірлеген өнерлері тарту етілді. Думанды шарада өнерпаздар «Бірлігіміз жарасқан» әнін нәшіне келтіре орындады. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер өкілдері «Қазақ елі», «Жаса менің халқым» т.б. патриоттық әндерін шырқап, би билеп, мерекенің ажарын аша түсті.
Сондай-ақ шара барысында облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Жолдас Сұлтанов сөз сөйлеп, еліміздегі бірлік пен бейбітшіліктің мән-маңызына тоқталды.
Шара соңында қатысушылар Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындап, халқымыз тату-тәтті бірлікте болсын деген игі тілекпен тарқасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «КӨКТӨБЕ» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.