«AMANAT» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ — Төрттаған
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бейнеконференцбайланыс арқылы өткен сьезге Түркістан облысынан партияның облыстық филиалының төрағасы Ө.Шөкеев бастаған 25 делегат қосылып, қатысып отырды.

27.04.2022
Жаңалықтар
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

«AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезі партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бейнеконференцбайланыс арқылы өткен сьезге Түркістан облысынан партияның облыстық филиалының төрағасы Ө.Шөкеев бастаған 25 делегат қосылып, қатысып отырды.
Күн тәртібінде «ADAL» партиясы мен «AMANAT» партиясының қосылуы және саяси кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды. Алдымен партияның атқарушы хатшысы А.Оралов партияны модернизациялау барысында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ол өңірлердегі сапарының нәтижелерімен бөлісті.
Атқарушы хатшының айтуынша, наурыз айынан бастап қолға алынған мобильді қоғамдық қабылдаулары бүгінге дейін 196 ауылға барып, елмен кездесулер өткізген. Онда 2 мыңнан астам азамат өз шағымын жеткізген. Қазіргі таңда 400-ден астам өтініш оң шешімін тауып үлгерген. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарына қайтарылған жарналардың 20 пайызының арқасында партия филиалдарының 300-ден астам іс-шараны өткізуге мүмкіндік туғызғанын атап өтті.
— Алдағы уақытта ақпараттық белсенділікті арттыру мақсатында партияның мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда. Қоғамдық кеңестердің жұмыстары жанданып, «TALQULAU» диалог алаңында сарапшылармен түрлі тақырыптарда ашық сұхбаттар жүргізіліп келеді. Ал «TazaLike» экоакциясы Оңтүстік өңірінен бастау алды, — деген атқарушы хатшы партияның жаңа тұғырнамасын да ұсынды.
Съезд барысында Парламент Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев қос партияның бірігуі ресурстарды ілгерілетуге және әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Ендігі кезекте саяси ұйым «Жаңа Қазақстан» реформасын одан әрі іске асыру жолында жаңа тәсілдер мен әдістерді ұсына алатынына сенім білдірді.
Партия Төрағасы Қ.К.Тоқаев партия ребрендингінен кейінгі өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, институтционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталып, қысқа мерзімде жүктелген міндеттер өз деңгейінде орындалуда. Нақты нәтиже бар. Осы қарқынмен жұмыс істеуді жалғастыру керектігін жеткізді. Сондай-ақ төраға партиялардың қосылуы саяси жүйені дамытатындығына сенім білдірді.
— Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте, партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды, —деді Қ.К.Тоқаев.
Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «AMANAT» партиясының Төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Президент сайлауында өзіне сенім артып, қолдау көрсеткен азаматтарға шынайы алғысын да білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ешбір партияға мүше болмай, саяси тұрғыдан бейтарап қағиданы ұстануды құп көретіндігін жеткізді. Бұл ұстанымы әділдіктің нышанына айналады деп санайды.
Кезекті мәселеге қатысы Саяси Кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Съезд соңында Ел Президенті Партия Төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынып, делегаттар бірауыздан қолдады.
— Бүгінгі өзгерістер «AMANAT»-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді көркейтуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз, — деді Мемлекет басшысы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БЕТ БҰРДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 45 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ТӘРТІПТІК ШАРА КӨРІЛГЕН

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
428

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
350
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
212
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
154

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.