Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады — Төрттаған
Пятница, 5 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады

30.03.2022
Жаңалықтар, Шұғыл
0
Мәжіліс биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жіберілді.

Аталған құжат бойынша баяндама жасаған Дархан Мыңбайдың айтуынша, заң жобасын пысықтау барысында депутаттар құжаттың мазмұнын, жалпы сапасын жақсартатын түзетулер енгізді. Оның ішінде:

READ ALSO

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

— биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың құзыреттері мен өкілеттіктерін нақтылау бойынша түзетулер қабылданды;

— биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау тетіктерін жетілдіру мақсатында заң жобасы жедел ден қою шараларын қолдану тәртібін реттейтін жаңа баппен толықтырылды;

— ақпарат алмасу бөлігінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары, оларды оқшаулау мен жоюға қатысу жүзеге асырылатын төтенше жағдайлардың түрлері нақтыланды;

— патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру, биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу және мониторинг тетіктері нақтыланды;

— биологиялық қатердің туындау және оларды жою жағдайларында қолдануға арналған дәрілік заттарды, препараттар мен медициналық бұйымдарды жедел мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі көзделген;

— патогенді биологиялық агенттерді жіктеу критерийлері нақтыланды; Адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауру жағдайларын биологиялық қатерлерге жатқызу мәселелерін реттейтін нормалар пысықталды. Атап айтқанда, адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің ауруы бойынша нақты қандай статистикалық және есептік деректердің артуы елдің биологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні нақтыланды.

«Сондай-ақ, заң жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер, редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді. Жұмыс тобының 20 отырысы, сондай-ақ бас Комитеттің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді. Салыстырмалы кесте қабылданған 307 позициядан тұрады. Мәжілістің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді», — деді Дархан Мыңбай.

Осыдан кейін депутаттар «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Парламент Сенатының қарауына жіберді.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Дархан Кәлетаев Молдовадағы Қазақстан Елшісі қызметінен босатылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ТИІМДІ МҮМКІНДІК

03.12.2025
4
Жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бойынша жаңа цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде

27.11.2025
5
Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласындағы жаңғырту тұрғындарға қолжетімді медициналық көмекті күшейтті

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалары ауыл жастарының өз ісін бастауына жол ашты

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өңір фермерлерінің ішкі нарықты тұрақтандыруға үлес қосуда

27.11.2025
4
Жаңалықтар

Цифрлық сервистер халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырды

27.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
444

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
387
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
184
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
181

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.