ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ — Төрттаған
Четверг, 2 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

02.07.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы міндеттерді тұрақты түрде айқындап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инвестициялық жобаларды сапалы әрі мерзімінде іске асыруға ерекше басымдық берілген. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. Жиында өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысы сараланып, «TURAN» арнайы экономикалық аймағының бүгінгі жұмысы мен алдағы даму жоспарлары қаралды. Облыс әкімі ең алдымен әрбір инвестициялық жобаның өңір экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, жауапты басқарма басшыларына нақты талап қойды.

Мәжілісте облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығы «TURAN» арнайы экономикалық аймағының қызметі туралы баяндама жасады. Жалпы аумағы 3603,3 гектарды құрайтын алаң әкімшілік-іскерлік, тарихи-мәдени және өнеркәсіптік бағыттағы бірнеше қосалқы аймақтан тұрады. 2019 жылдан бері жалпы құны 1 триллион 263 миллиард теңгені құрайтын 140 инвестициялық жоба тіркелген. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазіргі таңда 58 жоба іске асырылып, 3243 тұрақты жұмыс орны ашылды.

READ ALSO

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: АҚЖАР, ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУЫЗ СҮ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Биыл Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағы оңтайландырылып, әкімшілік-іскерлік және тарихи аймақтардың бір бөлігі қысқартылды. Соның есебінен пайдаланылмай жатқан бірқатар аумақ жалпы қолданысқа қайтарылып, Түркістан қаласының жер және мүлік салығы бойынша бюджет кірісі жыл сайын шамамен 657,7 миллион теңгеге ұлғаяды.

Жиында әкімшілік-іскерлік аймақта құрылыс жұмыстары баяулаған бірқатар инвестициялық жобалар жеке қаралды. Қазіргі таңда тұрғын үй және коммерциялық нысандарды қамтитын 8 жобада құрылыс жұмыстары белгіленген кестеден кешігуде. Басқарушы компания тарапынан бірнеше мәрте ескерту актілері толтырылып, қала прокуратурасына жолданған.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге әрбір жоба бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы 290 гектарлық өнеркәсіптік аймақта жалпы құны 157 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба тіркелген. Оның алтауы іске қосылса, бірнеше жобада құрылыс жүргізілуде. 365 гектарлық Сауран индустриялық аймағында құны 86,9 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Мұнда негізгі мәселе – электр қосалқы станциясының құрылысын аяқтау және қажетті инфрақұрылымды толық қамтамасыз ету.

Кентау қаласындағы өнеркәсіптік аймақта жеті жобаның бесеуі іске қосылып, қалған екеуінде өндірістік дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ал «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында жалпы құны 102,1 миллиард теңгені құрайтын бес жоба тіркелген. Бұл аумақта инженерлік инфрақұрылым құрылысының барысы негізгі мәселе ретінде көтерілді.

Сондай-ақ Сайрам және Отырар аудандарындағы индустриялық аймақтардың жай-күйі талданып, қажетті инфрақұрылымды дамыту мен жер мәселелерін шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жиын барысында «TURAN» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамалар да таныстырылды. Атап айтқанда, аймақ аумағын 27,5 гектарға кеңейту, өнеркәсіптік аймақтарды толық абаттандыру, қоршау, бейнебақылау жүйелерін орнату, қатысушылардың жауапкершілігін күшейту үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу ұсынылды.

Жиынды қорытындылаған Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындау – әрбір мемлекеттік орган мен инвестордың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГҮЛ ОРТАЛЫҒЫ МЕН КЕШЕНІН САЛУ БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 72 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ

Оқи отырыңызМақалалар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

02.07.2026
2
САРЫАҒАШ: АҚЖАР, ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУЫЗ СҮ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: АҚЖАР, ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АУЫЗ СҮ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

02.07.2026
2
ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 72 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ
Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 72 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕНШІСІНДЕ

02.07.2026
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГҮЛ ОРТАЛЫҒЫ МЕН КЕШЕНІН САЛУ БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГҮЛ ОРТАЛЫҒЫ МЕН КЕШЕНІН САЛУ БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026
2
КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕСТІК КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

02.07.2026
2
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АЗИЯ МИЛК» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 1400 ТОННАҒА ЖУЫҚ СҮТ ӨНДІРЕДІ
Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АЗИЯ МИЛК» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 1400 ТОННАҒА ЖУЫҚ СҮТ ӨНДІРЕДІ

30.06.2026
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.