ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ — Төрттаған
Воскресенье, 28 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

12.06.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және тоқыма компаниялары – Lihua Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайд пен оның серіктесі халықаралық ірі тоқыма өндіруші Huafang компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шэн Шоусянмен кездесті.

Кездесу барысында Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан мақта-тоқыма кластерінің даму барысы, жаңа өндірістік жобаларды іске асыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру және химия саласындағы инвестициялық бастамалар жан-жақты талқыланды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Өз сөзінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық серіктестерге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдіріп, Түркістан облысындағы ауқымды инвестициялық жобалары өңір экономикасының дамуына тың серпін бергенін атап өтті.

– Бүгін сіздермен кездесіп, ынтымақтастығымыздың жаңа бағыттарын талқылауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Lihua Group Түркістан облысы үшін өзін сенімді әрі стратегиялық серіктес ретінде дәлелдеді. Біз компанияның өңірімізде жүзеге асырып жатқан толық циклді мақта-тоқыма кластері жобасын жоғары бағалаймыз. Бұл жоба ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін біріктіріп, мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға, өнімнің қосылған құнын арттыруға және экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Нұралхан Көшеров.

Бүгінде Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан мақта-тоқыма кластері Қазақстандағы ең ірі индустриялық жобалардың бірі саналады. Жалпы құны 146,6 млрд теңгені құрайтын жоба Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында, Арыс қаласы мен Отырар ауданында іске асырылуда.

Жоба аясында мақта өсіруден бастап дайын тігін өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбек қалыптасады. Кластер құрамында мақта өңдеу зауыттары, тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорындар, ПВХ құбырлар зауыты, иіру фабрикасы, мата тоқу өндірісі, бояу-әрлеу фабрикасы және тігін өндірістері жұмыс істейтін болады. Кластер толық қуатына шыққан кезде 4150 адам жұмыспен қамтылады.

Кездесу барысында жыл соңына дейін іске қосылатын жалпы құны 46,5 млрд теңгені құрайтын алты өндірістік жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды. Атап айтқанда, қуаттылығы жылына 4 миллион дана үй тоқыма бұйымдарын шығаратын тігін фабрикасы, жылына 47 миллион метр мата өндіретін тоқыма және бояу-әрлеу фабрикалары, екі мақта өңдеу зауыты мен мақта тұқымын өңдеу кәсіпорны пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар тараптар Түркістан облысында іске асырылатын жаңа стратегиялық жоба – аммиак пен карбамид өндіретін интеграцияланған кешен құрылысына қатысты келісімге келді.

Құны 70 млрд теңгені құрайтын бұл жоба Сауран ауданындағы «Оранғай» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылады. Жобаның өндірістік қуаты жылына 300 мың тонна аммиак пен карбамид өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 150 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысы – Қазақстандағы ең ірі аграрлық өңірлердің бірі. Сондықтан жоғары сапалы азотты тыңайтқыштарға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты аммиак және карбамид өндіру кешенінің құрылысы өңірдің агроөнеркәсіптік кешені үшін стратегиялық маңызға ие.

Түркістан облысының әкімі бұл бастаманы толық қолдап, жаңа зауытты сапалы әрі мерзімінде іске асыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.

Кездесуде сондай-ақ Huafang компаниясының Түркістан облысында мата өндіру және бояу-әрлеу өндірістерін бастау мәселесі талқыланды.

Нұралхан Көшеров өңірде тоқыма өнеркәсібін дамыту бағытындағы жаңа бастамаларға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Бұл бастамалар өңірдегі мақта-тоқыма кластерінің әлеуетін күшейтіп, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіруге жол ашады.

1976 жылы құрылған Huafang Қытайдағы ірі тоқыма және бояу-әрлеу саласындағы жетекші

өндірушілердің бірі. Ол боялған және баспа маталарын, киім-кешек пен үй тоқыма өнімдерін шығарады. Компания жыл сайын 400 миллион метрге жуық мата, 20 миллион дана үй тоқыма бұйымдары мен 3,5 миллион дана дайын киім шығарады. Өнімдерінің 80 пайызын әлемнің 50-ден астам еліне экспорттайды.

Кездесу қорытындысында тараптар Түркістан облысы мен Қытай компаниялары арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға және өңдеу өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Айта кетейік, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан қазақстандық-қытайлық бірлескен жобалар өңірдің индустриялық дамуын жеделдетіп қана қоймай, жаңа технологияларды енгізуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН SINOPEC КОМПАНИЯСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАҒАЗ, МАҚТА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

17.06.2026
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЛА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

16.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР

15.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

15.06.2026
3
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді
Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

12.06.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.