ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ МҰХИТ ӘЛЕМІ КЕШЕНІ САЛЫНУЫ МҮМКІН — Төрттаған
Четверг, 13 августа, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ МҰХИТ ӘЛЕМІ КЕШЕНІ САЛЫНУЫ МҮМКІН

12.06.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ МҰХИТ ӘЛЕМІ КЕШЕНІ САЛЫНУЫ МҮМКІН

Қытайлық инвесторлармен ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында әлемдік деңгейдегі бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде өңір экономикасын дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар пулы қалыптасты.

Осы маңызды бастамалардың бірі – Қытайдың мәдени туризм саласындағы жетекші компанияларының бірі саналатын Wuhan Chengye Cultural Tourism компаниясымен жүзеге асырылатын көпфункционалды туристік-ойын-сауық кешенінің құрылысы.

READ ALSO

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее

Бүгінде аталған жобаларды іске асыру бойынша нақты жұмыстар басталып кетті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытайдағы бірқатар кәсіпорындар мен туристік нысандарды аралап, инвесторлардың тәжірибесін зерделеп, болашақ жобалардың техникалық және экономикалық мүмкіндіктерін зерттеуде.

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Цзинчжоу қаласында орналасқан «Цзинчжоу мұхит әлемі» кешені бүгінгі таңда елдегі ең танымал туристік нысандардың бірі саналады. 500 мың шаршы метр аумақты алып жатқан кешен құрамында мұхит әлемі, әлемде сирек кездесетін ақ киттер, полярлық жануарлар аймағы, аквапарк, балаларға арналған танымдық орталықтар, шытырман оқиғалар саябағы, алып IMAX кинотеатры және түрлі ойын-сауық инфрақұрылымдары жұмыс істейді.

Енді осы тәжірибені Түркістан өңірінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аясында Түркістанның туристік әлеуетіне тың серпін беретін көпфункционалды туристік кешен салу көзделген.

Соңғы жылдары Түркістан облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың біріне айналды. Жаңа кешен іске қосылған жағдайда Түркістан тек тарихи-рухани орталық қана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі заманауи туристік ошаққа айналмақ.

Айта кету керек, бұған дейін компания өкілдері Түркістанға арнайы келіп, жобаны жүзеге асыруға қатысты келіссөздер жүргізген болатын. Сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігі мен Wuhan Chengye Cultural Tourism арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Қазіргі таңда тараптар жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдерін нақтылап, құрылыс жұмыстарын бастауға қатысты мәселелерді талқылауда. Жүзеге асқан жағдайда бұл кешен Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі отбасылық ойын-сауық және теңіз тақырыбындағы туристік орталықтардың біріне айналады.

Жоба өңір экономикасына миллиардтаған теңге инвестиция тартуға, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беруге мүмкіндік береді.

Ең бастысы – Түркістанның халықаралық туристік картадағы беделін күшейтіп, өңірдің жаңа даму кезеңіне жол ашады.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ОЙЫН АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ХОЛДИНГІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ӨТКІЗДІ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Жаңалықтар

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар

12.08.2026
6
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Жаңалықтар

Демографический портрет Казахстана по итогам 2025 года и прогнозы на будущее

12.08.2026
5
Жаңалықтар

Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

10.08.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Как защищают пенсионные накопления в разных странах

10.08.2026
6
Жаңалықтар

Об изменении подхода к осуществлению государственной гарантии сохранности пенсионных накоплений

10.08.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

10.08.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.