ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЫҢНАН АСТАМ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ӘДІСІНЕ КӨШТІ — Төрттаған
Воскресенье, 28 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЫҢНАН АСТАМ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ӘДІСІНЕ КӨШТІ

11.06.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЫҢНАН АСТАМ ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ СУ ҮНЕМДЕУ ӘДІСІНЕ КӨШТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде суғару маусымының атқарылуы мен туындаған өзекті мәселелер бойынша мәжіліс өткізіп, жауаптылардың есебін тыңдады.

Шардара су қоймасынан Шардара, Отырыр, Арыс аудандарының 74,7 мың гектар жері суғарылады. Бүгінге дейін су қоймасынан 448,3 млн текше метр су босатылған.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР

«Достық» магистральді каналы Мақтаарал мен Жетісай аудандарының шаруаларын ағын сумен қамтамасыз етеді. Каналдан жіберілген су мөлшері 484,5 млн текше метрді құраған.

«Зах», «Ханым», «Үлкен Келес» су арналары арқылы Қазығұрт, Сарыағаш, Келес аудандарынан 4251 шаруа қожалығына ағын су жеткізілуде.

Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Досхан Лесов вегетациялық кезеңнің қалыпты деңгейде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Аудандарда кезектілік кестесі түзіліп, су босату жоспарға сай жүзеге асуда.

Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плалов су үнемдеу технологиясын ендіруге ниетті шаруаларға көрсетілген қолдаудың нәтижесінде қазіргі таңда 1083 шаруа қожалығының алқабы жаңа технологиямен суғарыла бастағанын атап өтті. Тағы 328 шаруа қожалығы құжаттарын рәсімдеп, кәсіпорындармен келісімшарт түзуде. Шаруалар тамшылатып суғару жүйесіне басымдық беруде.

Нұрбол Тұрашбеков көтерілген өзекті мәселелерді зерделей келе, мамандармен шешу жолдарын талқылады. Тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімі нақтыланды.

– Су тұтыну шарттарының сақталуына бақылауды күшейтіңіздер. Кезегін күткен шаруаларға су мерзімінде жетуі керек. Қателікке жол бермеңіздер, – деп ескертті облыс әкімінің орынбасары.

Жалпы облыстағы су үнемдеу технологиясын 164 мың гектарға енгізу жоспарланып отыр. 2025 жылы бұл көрсеткіш 114 мың гектарды құраған.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫМЕН БАУЫРЛАС ХУБЭЙ ӨЛКЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ: АРЫСТА ОҢАЛТУ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.06.2026
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА 58,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 377 ЖОБАСЫ СҮЙЕМЕЛДЕНІП ЖАТЫР

15.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 5 АЙДА 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

15.06.2026
3
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді
Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

12.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

12.06.2026
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН SINOPEC КОМПАНИЯСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН SINOPEC КОМПАНИЯСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ

12.06.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.