ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAN – 2026: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ — Төрттаған
Суббота, 6 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAN – 2026: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

21.05.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «TURKISTAN – 2026: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫН ДӘРІПТЕУ ЖӘНЕ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістандағы «Киіз үй» кешенінде Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Turkistan – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты конференция өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген туризмді дамыту, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кең көлемде насихаттау және оны ел жұртшылығына таныту бағытындағы тапсырмаларды жүзеге асыру.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН БІЛІМ ҰЯСЫ АЛҒАШҚЫ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Конференцияға облыс әкімінің орынбасарлары, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар мәслихаттарының төрағалары мен өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық және қалалық мәслихат төрағалары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, ғалымдар, туристік операторлар қатысты.

Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жүргізіп отырды. Конференция барысында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізіп, Ясауи мұрасын ұлықтау, туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ конференцияда «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев сөз сөйледі.

«Бүгінгі конференцияның тақырыбы – «Ясауи мұрасы және ішкі туризм» – бір-бірімен терең байланысты ұғымдар. Туризмді тек экономика дейтіндер біржақты ғана ойлайтындар. Туризм дегеніміз – ең алдымен, тарихи сананы жаңғырту мен ұлттық рухты таныту. Туризм – мемлекеттің мәдени дипломатиясының маңызды құралы. Егер біз Түркістанды жай ғана туристік нысан ретінде қарасақ, онда оның терең мағынасын жоғалтып алуымыз мүмкін. Ең алдымен, ол рухани феномен. Сондықтан мұнда келген адам тек саяхат жасап қоймай, тарихи сана мен рухани сабақтастықты сезінуі тиіс, – деп атап өтті Төлеубек Мұқашев.

Оның айтуынша, Қазақстанның түкпір-түкпірінен мәслихат депутаттарының дәл Түркістанда бас қосуының да терең символдық мәні бар. Біріншіден, бұл – өңірлік саясат пен ұлттық руханияттың тоғысуы. Екіншіден – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ұлттық мүддемен үндесуі. Үшіншіден – мәслихат депутаттарының тек әлеуметтік-экономикалық мәселелермен ғана емес, тарихи сана мен ұлттық құндылықтарды жаңғырту ісіне де жауапты екенін көрсететін маңызды қадам.

Конференцияда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев баяндама жасап, ішкі туризмді дамыту мен киелі орындарды насихаттау мәселелеріне тоқталды.

Бұдан бөлек Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Бекежан Мырзаев мазмұнды баяндамалар жасады. Сонымен бірге Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева және Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов те тақырыпқа сай ой қозғады. Қатысушылар Түркістанның өндірістік, рухани және туристік әлеуетін, даму деңгейін жоғары бағалады.

Жиын қорытындысында қатысушылар Түркістандағы бұл басқосудың ұлттық руханиятты, тарихи сананы және өңірлік дамуды тоғыстырған маңызды қоғамдық алаңға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар Түркістанның халықаралық деңгейдегі мәдени, рухани және туристік орталық ретіндегі әлеуетін арттыру, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын халықаралық деңгейде дәріптеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. Екі күнге созылатын конференция аясында қатысушылар Түркістан қаласы мен Отырар және Ордабасы аудандарындағы тарихи және туристік орындарды аралайды.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ІРІ ҚАРА СҮЙЕГІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН: «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН БІЛІМ ҰЯСЫ АЛҒАШҚЫ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН БІЛІМ ҰЯСЫ АЛҒАШҚЫ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕДІ

25.05.2026
2
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

25.05.2026
2
ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

23.05.2026
2
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІ ӨТТІ

22.05.2026
2
ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.05.2026
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 500 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

22.05.2026
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.