ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу — Төрттаған
Четверг, 28 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу

17.03.2026
Жаңалықтар
0

ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге

2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу

 

 enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы

2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған  

 

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі — ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 26 337,27 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 435,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 806,69 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 94,62 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2026 жылғы 1 ақпанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,92%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,36%, ҚРҰБ депозиттері – 2,53%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,38%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,09%, МҚҰ — 1,23%.

2026 жылғы 1 ақпандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,33%, АҚШ долларымен – 40,66%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша 179,5 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 105,48 млрд теңге, өзге кірістер – 0,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы бағалы қағаздарды, шетел валютасын, активтерді нарықтық қайта бағалау, оның ішінде бағамдық қайта бағалауды ескерсек, теріс болып қалыптасты.

2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,28 трлн теңгені, осы кезеңдегі кірістілік 9,74% құрады.

2026 жылғы 1 ақпандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 87,90%, РЕПО операциялары – 6,23%, ҚРҰБ депозиттері – 5,85%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат — 0,01%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 9,42 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 10,36% құрады.

Зейнетақы жинақтары — ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 94,62 млрд теңгеден асады.

01.02.2026ж. жағдай бойынша «Alatau City Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 15,71 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 25,22%, ҚР ҚМ МБҚ – 14,01%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,41%, РЕПО – 11,37%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,17%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,00%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,34%, МҚҰ – 4,72%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,51%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%. Атап кетейік, портфельдің 68,35% теңгемен, 30,52% — АҚШ долларымен, 1,13% — басқа валюталарда ұсынылған.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,35%.

«Alatau City Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.02.2026ж. жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,19 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 25,58%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 16,43%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,51%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,83%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,24%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,05%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,05%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 65,68%, АҚШ долларымен 34,32% тең.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,41%.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.02.2026ж. жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері — шамамен 11,71 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,39%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,73%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,23%, РЕПО – 12,93%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,86%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,46%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,50%,.

Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 67,76%, АҚШ долларымен 32,24%.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,17%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.02.2026ж. жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 5,26 млрд теңге.

ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 21,61%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,04%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 14,24%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 9,93%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 9,62%, РЕПО – 7,34%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,29%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,25% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 68,31%, АҚШ долларында – 31,69% инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 16,72%.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.02.2026ж. жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 53,75 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,83%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,53%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,18%, МҚҰ – 11,92%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,50%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,50%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,71%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,11%, АҚШ долларында – 35,89% инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,96%.

«Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

READ ALSO

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

Казахстан и Монголия устанавливают сотрудничество в пенсионной сфере

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда

20.05.2026
5
Жаңалықтар

Казахстан и Монголия устанавливают сотрудничество в пенсионной сфере

20.05.2026
5
Жаңалықтар

Единый накопительный пенсионный фонд (Фонд/ЕНПФ) предоставляет различные услуги казахстанцам в цифровом формате и продолжает их развивать, адаптируясь к потребностям клиентов. Эти сервисы помогают гражданам планировать финансовое будущее, формируя пенсионный капитал. Их доступность на сайте и в мобильном приложении в режиме 24/7 является важным условием роста интереса вкладчиков. За период с 01.01.2026 г. по 31.03.2026 г. Фондом оказано населению 17,7 млн услуг. Из их общего количества 8,6 млн проведено в электронном формате, в автоматическом – 8,8 млн. Таким образом, доля услуг в автоматическом, электронном и удаленном форматах составила 98,9 % от общего количества. В очном формате было оказано 200,9 тыс. услуг, в том числе непосредственно в офисах Фонда 194,9 тыс. Напомним, что все пенсионные счета открываются в ЕНПФ автоматически при поступлении первого взноса. Также автоматически начисляются целевые требования гражданам Республики Казахстан, не достигшим 18-ти лет, и открываются целевые накопительные счета (ЦНС) для учета и выплаты целевых накоплений совершеннолетним получателям целевых накоплений в рамках программы «Нацфонд – детям». Всего за отчетный период общее количество открытых в автоматическом режиме индивидуальных пенсионных счетов (ИПС) по всем видам индивидуальных пенсионных взносов, а также условных пенсионных счетов (УПС) для учета обязательных пенсионных взносов работодателя (ОПВР), перечисленных работодателем за счет собственных средств, и целевых накопительных счетов (ЦНС, открываемых для учета и выплаты целевых накоплений получателям целевых накоплений в рамках программы «Нацфонд-детям») составило 690,4 тыс. единиц. По-прежнему самой популярной услугой является получение выписки с ИПС, УПС и ЦНС. С начала года по всем видам счетов было выдано более 9,0 млн выписок, из которых 8,0 млн — в электронном виде и 956,4 млн выписок — в автоматическом режиме. ЕНПФ напоминает, что получение информации о состоянии счетов через личный кабинет — это самый удобный, надежный и оперативный способ контроля своих пенсионных накоплений. Сервис работает в режиме онлайн круглосуточно (24/7), что позволяет получать актуальную информацию в любое время и из любой точки мира. Информация о состоянии счетов доступна не только через мобильное приложение ЕНПФ и личный кабинет на сайте ЕНПФ, но и через портал egov.kz или мобильное приложение электронного правительства. Это дает дополнительные удобства для пользователей, предпочитающих взаимодействовать с государственными сервисами через единые платформы. Вместе с тем, получение информации о состоянии пенсионных накоплений по почте по-прежнему возможно при подаче соответствующего запроса на адрес ЕНПФ. Кроме получения выписки в личном кабинете на сайте и в мобильном приложении вкладчики (получатели) имеют возможность воспользоваться такими услугами, как внесение изменений и дополнений в свои реквизиты, получение справки о наличии счетов, подача заявления о назначении пенсионных выплат в связи с установлением инвалидности 1 или 2 группы бессрочно или в связи с достижением пятидесятилетнего возраста за счет добровольных пенсионных взносов, отслеживание статуса заявления на выплату, перевод части пенсионных накоплений управляющим инвестиционным портфелем (УИП), прогнозный расчет будущей пенсии с помощью пенсионного калькулятора и т.д.. На изменение реквизитов за 3 месяца с начала 2026 г. было принято 28,4 тыс. заявлений, из них 26,6 тыс. – в офисах Фонда. Обращаясь за той или иной услугой к специалистам ЕНПФ, вкладчики, как правило, получают дополнительные консультации и советы по формированию сбережений. В рамках информационно-разъяснительной работы проведено 14,7 тыс. выездных презентаций, на которых присутствовало 296,0 тыс. человек. Количество материалов, размещенных по сообщениям ЕНПФ в средствах массовой информации, составило 9,9 тыс. Количество поступивших обращений вкладчиков и получателей по каналам обратной связи (Call-центр, консультации через веб-сайт, мессенджеры, социальные сети и другие каналы связи) составило 115,5 тыс. Напомним, что любая компания может подать заявку на проведение презентации и консультаций по вопросам накопительной пенсионной системы с выездом в офис, для чего нужно просто позвонить в call-центр по номеру 1418 или обратиться через сайт или мобильное приложение Фонда. Консультационные услуги ЕНПФ можно получить посредством мессенджеров (чат-бота в WhatsАpp и Viber по номеру +7 777 000 14 18), call-центра по номеру 1418 (звонок по Казахстану бесплатный), на корпоративном сайте enpf.kz, а также на официальных страницах ЕНПФ в социальных сетях Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники. ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан», обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz).

20.05.2026
9
Жаңалықтар

Более 98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.05.2026
6
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты

20.05.2026
6
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 3 месяца 2026 года превысил 307 млрд тенге

20.05.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
291
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.