ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 25 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

10.03.2026
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫ 100% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

READ ALSO

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында табиғи газдандыру жұмыстары толық аяқталып, аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылды. Өткен аптаның соңында Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекені соңғы болып табиғи газ жүйесіне қосылды. Осылайша аудандағы 68 елді мекеннің барлығына газ жеткізіліп, көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба өз мәресіне жетті.
Аталған қуанышты сәтке орай Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Т.Жайлыбаев елді мекеніне арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы аудан аумағында табиғи газбен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып, бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
– Бүгінгі күн – Мақтаарал ауданы үшін ерекше тарихи сәт. Аудандағы барлық елді мекендерді табиғи газбен қамту міндеті толық орындалды. Бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Табиғи газ тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер етеді, – деді аудан басшысы.
Аталған шара барысында табиғи газ желісін тартуға жауапты мекеме басшылары мен мердігер ұйым өкілдері де сөз алып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Олардың айтуынша, жоба аясында елді мекендерге газ құбырларын тарту жұмыстары жүйелі түрде кезең-кезеңімен жүргізілген. Нәтижесінде аудан тұрғындары көгілдір отынды пайдалануға мүмкіндік алып отыр.
Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да қуаныштарын жасырмай, елді мекенге табиғи газ жеткізуге атсалысқан барлық азаматтарға ризашылықтарын білдірді. Олар газдың келуі ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысын едәуір жеңілдетіп, қысқы маусымда отын дайындау мәселесін шешуге үлкен көмек болатынын айтты.
Айта кетейік, соңғы жылдары Мақтаарал ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізіліп, бүгінгі таңда аудан толықтай көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САРЫАҒАШТА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШЕТ ӨНДІРУ МЕН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУДА РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Оқи отырыңызМақалалар

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ  ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

24.07.2026
4
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

24.07.2026
9
#Құрылтай #Сайлау2026 #ӘрДауысМаңызды #Қазақстан #ОСК
Жаңалықтар

#Құрылтай #Сайлау2026 #ӘрДауысМаңызды #Қазақстан #ОСК

23.07.2026
9
ЦЕНТРАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ПРОВЕЛА   ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ДЛЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СМИ
Жаңалықтар

ЦЕНТРАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ПРОВЕЛА ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ДЛЯ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СМИ

23.07.2026
4
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

04.07.2026
5
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

04.07.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.