«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды — Төрттаған
Понедельник, 23 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
Жаңалықтар
0

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 2025 жылғы 30 желтоқсанда инвестициялық портфельді басқарушы – «Halyk Global Markets» АҚ-дан (Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы) (бұдан әрі – ИПБ) 2021 жылғы 18 ақпанда жасалған № 17/6/18-02-21/П зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) ИПБ-ның бастамасы бойынша бұзу жоспарланғаны туралы мәлімдеме алынғанын хабарлайды.

 

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Аталған хабарлама заңнама талаптарына сәйкес жолданған. Заңнамаға сәйкес, ИПБ Шартты оны жасасқан күннен бастап кемінде бір толық күнтізбелік жыл өткеннен кейін өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Бұл ретте толық күнтізбелік жыл деп 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең[1] түсініледі.

 

ИПБ Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда, оның жоспарланған бұзылу күнінен кемінде бір күнтізбелік жыл бұрын уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтауды жүзеге асыратын кастодианды хабардар етуге, сондай-ақ өзінің корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға міндетті. Осындай хабарлама болған жағдайда БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру туралы жаңа өтініштер қабылдамайды[2]

.

 

ИПБ өз сенімгерлік басқаруындағы ақша түріндегі зейнетақы активтерін толық көлемде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруға қайтарады. Сонымен қатар, егер ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен ИПБ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы, яғни бұл жағдайда 2027 жылғы 1 қаңтардағы ең төменгі мән арасындағы теріс айырма туындаған болса, ИПБ оны толық көлемде өтеуге міндетті[3].

 

Теріс айырма өтелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (егер мұндай айырма болған жағдайда) инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде ҚРҰБ-тағы БЖЗҚ-ның кастодиандық шотына қайтарады[4].

 

Осылайша, қолданыстағы тәртіп салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталуына, олардың ҚРҰБ басқаруына қайтарылуына кепілдік береді және зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін кез келген қаржылық тәуекелдерді болдырмайды. Бұл ретте, бұған дейін ИПБ басқаруына берілген барлық зейнетақы жинақтары олар ҚРҰБ басқаруына берілгенге дейін қолданыстағы шарттар бойынша «Halyk Global Markets» АҚ басқаруында қала береді.

 

ИПБ Шарт тоқтатылғанға дейін өзінің барлық міндеттемелерін, оның ішінде бекітілген инвестициялық стратегияны сақтау, активтердің сақталуын қамтамасыз ету және есептілік талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерін толық көлемде орындауға міндетті.

 

Сонымен қатар, салымшылар зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына берген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына немесе инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келетін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға беруге құқылы екенін хабарлаймыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 7-3-тармағы

2Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру Қағидаларының 58-тармағы

3Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 59-тармағы

4Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларының 60-тармағы

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
3
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
3
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
5
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
5
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
5
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемдері: қашан және қайда жүгіну керек?

23.02.2026
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
311
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
256
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
202

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.