Зейнетақы активтерін инвестициялау: олардың сақталуы мен ұзақмерзімдегі нақты кірістілігі — Төрттаған
Понедельник, 23 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Зейнетақы активтерін инвестициялау: олардың сақталуы мен ұзақмерзімдегі нақты кірістілігі

23.02.2026
Жаңалықтар
0

Зейнетақы активтерін инвестициялау:

олардың сақталуы мен ұзақмерзімдегі нақты кірістілігі

 

 enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы

2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған   

 

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі — ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 948,09 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 103,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 755,58 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 88,55 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2026 жылғы 1 қаңтарда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,51%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,45%, ҚРҰБ депозиттері – 4,45%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,48%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,93%, МҚҰ — 1,24%.

2026 жылғы 1 қаңтардағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,04%, АҚШ долларымен – 40,96%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша 1 981,23 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 451,35 млрд теңге, өзге де кірістер – 6,14 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2025 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,77 трлн теңгені құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 2025 жылы 7,43% болды.

2026 жылғы 1 қаңтардағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 89,96%, ҚРҰБ депозиттері – 7,26%, РЕПО операциялары – 2,77%,  инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат — 0,01%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 67,47 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.

2025 жылы зейнетақы активтерінің ЖМЗЖ есебінен есептелген инвестициялық кірісі 45,35 % млрд теңге, осы кезеңдегі кірістілік 5,11% көрсетті.

Зейнетақы жинақтары — ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 88,55 млрд теңгеден асады.

01.01.2026ж. жағдай бойынша «Alatau City Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 14,93 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 26,23%, ҚР ҚМ МБҚ – 15,62%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 13,89%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,39%, РЕПО – 6,75%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,55%, МҚҰ – 4,89%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,25%.

Атап кетейік, портфельдің 67,08% теңгемен, 31,74% — АҚШ долларымен, 1,17% — басқа валюталарда ұсынылған.

2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 11,22% болды.

«Alatau City Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.01.2026ж. жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 8,14 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: МҚҰ облигациялары – 20,71%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,02%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,58%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 14,56%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,17%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,92%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,93%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,12%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,66%, АҚШ долларымен 37,34% тең.

2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,45% болды.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.01.2026ж. жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері — шамамен 10,65 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,31%, ҚР ҚМ МБҚ – 19,41%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,55%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, — шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,24%, РЕПО – 5,94%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 65,43%, АҚШ долларымен 34,57%.

2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 9,93% болды.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.01.2026ж. жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 4,44 млрд теңге.

ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 25,59%, РЕПО – 20,97%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,85%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,78%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 11,64%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,23%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 2,56% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 71,64%, АҚШ долларында – 28,36% инвестицияланды.

2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 14,66% болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.01.2026ж. жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 50,39 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 18,89%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 15,03%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,75%, МҚҰ – 13,15%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,98%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 4,90%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,21%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,37%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,40%, АҚШ долларында – 39,60% инвестицияланды.

2025 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 8,32% болды.

«Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ЕНПФ информирует о планируемом расторжении договора о доверительном управлении пенсионными активами с АО «Halyk Global Markets»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының кесте бойынша төлемдері: қашан және қайда жүгіну керек?

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
3
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
3
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
3
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
4
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
4
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
311
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
256
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
202

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.