БЖЗҚ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті — Төрттаған
Понедельник, 23 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БЖЗҚ: 2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті

23.02.2026
Жаңалықтар
0

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,97 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,18 трлн теңгеге немесе 13,9%-ға өсті.

2026 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,48 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 11,9%.

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,58 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 11,1%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 22,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша көлемі 9,73 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 қаңтарына 760,15 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 3 251,67 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 16,6%-ға (немесе 462,28 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін 2 659,56 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 133,37 млрд теңге (өсім – 17,4%), ЕЗЖ – 2,32 млрд теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 456,42 млрд теңгені құрады.

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2 051,05 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 54,9% немесе 727,20 млрд теңгеге көп.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 24,4% ұлғайып, 01.01.2026ж. 254,13 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 970 теңге.

2025 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 1 254,57 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 58,15 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 43,75 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 3,10 млрд теңге, жерлеуге – 10,46 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 426,89 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,24 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,06 млн бірлік немесе 6,2%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қаңтарына 12,72 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,30 млн — МЗЖ бойынша, 764,1 мыңы — МКЗЖ бойынша, 466,3 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,30 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

Сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сәйкес күнтізбелік жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді болып саналатынын айта кеткен жөн. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша МЗЖ түсетін белсенді ЖЗШ-ның нақты үлесі жарналар жүзеге асырылуы мүмкін және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ашылған шоттарды және 2025 жылы ашылған жаңа шоттарды қамтитын 10,11 млн ЖЗШ-ның жалпы санынан 71,29% (7,21 млн шот) құрады.

 

БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны —  5,51 млн бірлік.

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ «Нацфонд – детям»: начисления по итогам 2025 года

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Выплаты пенсионных накоплений по графику: когда и куда необходимо обращаться?

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
3
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
3
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
3
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
4
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
4
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
311
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
256
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
202

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.