«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың қаражатты пайдалану қорытындылары — Төрттаған
Пятница, 16 января, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәмелетке толған қазақстандықтардың қаражатты пайдалану қорытындылары

16.01.2026
Жаңалықтар
0

2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор)  нысаналы жинақ алу бойынша 205 505 өтінішті орындады. Жалпы сомасы 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді.

Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн АҚШ долларына 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн АҚШ долларына 78 060 өтініш қанағаттандырылды.

READ ALSO

ЕНПФ представляет результаты социологического исследования, проведенного в 2025 году

Новые возможности управления пенсионными активами: инвестиции, ориентированные на результат

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (19,27 млн АҚШ долларына 124 490 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 145,39 мың АҚШ долларына 999 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 108,64 мың АҚШ долларына 757 өтініш.

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (11,03 млн АҚШ долларына 71 025 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (608,47 мың АҚШ долларына 4 933 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (228,32 мың АҚШ долларына 1 706 өтініш орындалды) төлем жасау.

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік:

— нысаналы талаптарға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматтары қатыса алады;

— Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) жыл сайын (1 қазан) БЖЗҚ-ға нысаналы талаптардың жалпы сомасы, орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесі және нысаналы талаптарға қатысушылардың бұрын қалыптастырылған нысаналы талаптарына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты қамтитын есепті жібереді;

— БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі бірінші айдың 20-нан кешіктірмей «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (ЖТ МДҚ) алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде есепті жылдың соңындағы (31 желтоқсан) жағдай бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады;

— Қор ҚР ҰБ-тан алынған ақпарат пен электрондық тізімге енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылардың санына қатысты мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесіне нысаналы талаптардың бір қатысушысы бойынша есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы, есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптардың сомасына есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы деректерді есептеп, енгізеді;

— БЖЗҚ нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды АҚШ долларымен жүргізеді.

Есепті 2025 жылғы нысаналы талаптар, сондай-ақ, инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 01.02.2026ж. кешіктірілмей есептелетін болады.

Бұл ретте 2008 жылы туған, 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу де 01.02.2026ж. кешіктірілмей жүзеге асырылады.

«Ұлттық қор – балалар» бағдарламасы бойынша тұрақты түрде жасалатын есептер enpf.kz сайтына орналастырылады.

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены от ИПН

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Нацфонд – детям»: итоги использования средств совершеннолетними казахстанцами на 1 января 2026 года

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ЕНПФ представляет результаты социологического исследования, проведенного в 2025 году

16.01.2026
3
Жаңалықтар

Новые возможности управления пенсионными активами: инвестиции, ориентированные на результат

16.01.2026
3
Жаңалықтар

ЕНПФ информирует о выборе УИП критериев формирования инвестиционных портфелей

16.01.2026
3
Жаңалықтар

«Нацфонд – детям»: итоги использования средств совершеннолетними казахстанцами на 1 января 2026 года

16.01.2026
5
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ С 1 января 2026 года пенсионные выплаты из ЕНПФ освобождены от ИПН

16.01.2026
3
Жаңалықтар

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан (ЖТС) босатылады

16.01.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
235
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
194
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
191

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.