«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат — Төрттаған
Понедельник, 15 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
Жаңалықтар
0

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді.

 

READ ALSO

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды.

 

Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Зейнетақы навигаторы» бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі.

 

Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:

  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM

 

  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s

 

  • Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog

 

  • Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk

 

  • Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, «БЖЗҚ» АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo

 

  • БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, «БЖЗҚ» АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M

 

«Зейнетақы навигаторы» бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді.

 

Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі.

 

Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
4
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
4
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
4
Жаңалықтар

Пенсионная система Казахстана укрепила позиции в рейтинге Глобального пенсионного индекса Mercer CFA 2025 года

15.12.2025
4
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

15.12.2025
4
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Арнайы салық режимдерінің жаңа жүйесі: халықты әлеуметтік және зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту

15.12.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
187
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
186

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.