АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Арнайы салық режимдерінің жаңа жүйесі: халықты әлеуметтік және зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту — Төрттаған
Вторник, 16 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Арнайы салық режимдерінің жаңа жүйесі: халықты әлеуметтік және зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту

15.12.2025
Жаңалықтар
0

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) [1] енгізіледі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, оңайлатылған декларация негізінде АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР (ШФҚ). Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық қана емес, сонымен қатар зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін төлеуін де реттейді.

  1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде қызметін интернет-платформаларды пайдалана отырып жүзеге асыратындар үшін АСР

2026 жылдан бастап енгізілетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР жеке кәсіпкерлер (ЖК) болып табылмайтын және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары, қандастар) арналған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР ҚР Үкіметі бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.

READ ALSO

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың күнтізбелік айдағы кіріс лимиті[2]  тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 300 еселенген мөлшерінен (жылына 3 600 АЕК) аспауға тиіс.

Осы АСР-ды қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) алған табыстарынан өздері төлейді.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР бойынша зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі:

  • МЗЖ – табысының 1%,
  • ЖМЗЖ – табысының 1%.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар осы АСР-ды арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, төлем чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР өздері әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі. Тек операциялардың күні, атауы, әрбір операция нәтижесінде алынған сомалар, әрбір күндегі,  айдағы қорытынды соманы көрсету  керек.

 

Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын[3] және АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы[4] ұстап, аударатын болады.

Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлейтін зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі де жоғарғыдай:

  • МЗЖ – табысының 1%,
  • ЖМЗЖ – табысының 1% (интернет-платформа операторының (агенттің) жеке қаражаты есебінен.

 

Өзін — өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданудың салықтық кезеңі – күнтізбелік бір ай.

  1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

ҚР Салық кодексінің 723-бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, ЖК және Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдануға құқылы.

 

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды тиісті шарттарға сәйкес келетін төмендегі тұлғалар қолдануға құқылы:

— күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК — тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды;

— жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің ҚР Үкіметі айқындаған тізбесіне енгізілмеген қызметті жүзеге асыратын тұлғалар.

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:

  • МЗЖ – табыстың 10%
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, содан кейін жыл сайын өсіп, 2028 жылы 5%-ға дейін көтеріледі.

 

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.

 

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР

 

Қазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтары берілген (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ үшін АСР қолдануға құқылы.

Шаруа қожалығының қызметі АСР-ды қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, шаруа қожалығы үшін таңдалған АСР-ды күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге рұқсат жоқ.

 

ШФҚ үшін АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі:

  • МЗЖ – табыстың 10%
  • ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, содан кейін жыл сайын өсіп, 2028 жылы 5% — ға дейін көтеріледі.

 

ШФҚ үшін АСР-ды қолданатын шаруа және фермер қожалықтары осы салықтық режим қолданылатын қызмет түрлерінен кіріс алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салық есептілігін тапсыруды мынадай салықтық режимдерде жүргізеді:

1) қолдану шарттарына сәйкес келсе, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-да;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша.

 

ШФҚ үшін АСР қолдану кезіндегі салықтық және есептік кезең – күнтізбелік жыл.

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

 

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР, ШФҚ үшін АСР енгізу мыналарға бағытталған:

  • зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту есебінен кеңейту;
  • Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнес жүргізуді жеңілдету;
  • мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.

Бұл инновациялар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және «көлеңкеден» шығу үшін ынталандырулар жасауға мүмкіндік береді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 «Салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 215-VІІІ Заңына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап

[2] ҚР жаңа Салық кодексінің 718-бабына сәйкес

[3] ҚР Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабына сәйкес

[4] интернет-платформа операторы (оператор) — интернет-платформаны пайдалана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), Ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, байланыс орнату және қызмет көрсету бойынша мәмілелер жасау үшін ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызмет көрсету және жұмыстарды орындау (ҚР Әлеуметтік кодексінің 102-бабы)

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-дағы «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
5
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
5
Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
5
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
7
Жаңалықтар

Пенсионная система Казахстана укрепила позиции в рейтинге Глобального пенсионного индекса Mercer CFA 2025 года

15.12.2025
5
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

15.12.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
187
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
186

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.