Қазақстан мен Әзербайжан зейнетақымен қамсыздандыру саласында өзара ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі бекітуде — Төрттаған
Вторник, 16 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан зейнетақымен қамсыздандыру саласында өзара ынтымақтастық пен серіктестікті одан әрі бекітуде

15.12.2025
Жаңалықтар
0

2025 жылғы 25-28 қараша аралығында Баку қаласында тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) және Әзербайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоры (МӘҚҚ) делегацияларының ресми кездесуі өтті.

Бағдарлама аясында екі елдің әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің таныстырылымдары, цифрлық сервистер мен әкімшілендіру тетіктерін талқылау өтті. БЖЗҚ тарапынан Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, демографияға, зейнетақы қызметтерін цифрландыруға шолу, Қазақстанның халықаралық зейнетақы рейтингтеріндегі ұстанымы ұсынылды.

READ ALSO

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

БЖЗҚ еліміз үшін әлеуметтік маңызы бар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы туралы ақпаратпен де бөлісті, бұл жерде БЖЗҚ – нысаналы талаптарды, активтерді, жинақтарды есепке алып, нысаналы жинақтар төлемін жүзеге асырушы оператор.

Азаматтардың барлық қызметтерді қашықтан алуына мүмкіндік беретін зейнетақы қызметтерін цифрландырудағы қазақстандық тәжірибе Әзербайжан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері екі елдің зейнетақы қорлары салымшыларына қызмет көрсету деңгейін арттыру және автоматтандырудың заманауи шешімдері бойынша тәжірибе алмасуға негіз болды.

Делегациялар сондай-ақ МӘҚҚ-ның әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі орталық филиалында, сондай-ақ тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі агенттікте (DOST) және DOST инклюзивті даму орталығында болып, Әзербайжанның мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету және азаматтардың әртүрлі санаттарын қолдау жөніндегі инновациялық шешімдерімен танысты.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар зейнетақы заңнамасының өзгерістері мен жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат алмасу, зейнетақы жүйесіндегі цифрлық технологиялар саласында тәжірибе бөлісу, сараптамалық деңгейдегі бірлескен зерттеулерді қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға да қол қойды.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Юные казахстанцы использовали 28,25 млн долларов США на жилье и образование

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Опубликованы пороги минимальной достаточности пенсионных накоплений на 2026 год

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
5
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
5
Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
5
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
10
Жаңалықтар

Пенсионная система Казахстана укрепила позиции в рейтинге Глобального пенсионного индекса Mercer CFA 2025 года

15.12.2025
5
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

15.12.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
187
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
186

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.