БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдері: қанша қаражат алуға болады және қайда жүгіну керек? — Төрттаған
Вторник, 16 декабря, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемдері: қанша қаражат алуға болады және қайда жүгіну керек?

15.12.2025
Жаңалықтар
0

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

 

READ ALSO

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

  • Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарынан қанша қаражатты қандай жағдайларда пайдалануға болады?

 

  Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы. БЗТ-ны өзіне немесе жұбайы/зайыбы не жақын туыстарының пайдасына мынадай шарттардың бірі болған кезде алуға болады:

  • Егер салымшының міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының сомасы ҚР Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегінен (ТЖШ) асса (ТЖШ-дан асатын соманы пайдалануға болады);
  • Егер зейнеткердің зейнетақысы оның еңбекке жарамды кезінде алып жүрген орташа айлық кірісінің кемінде 40%-на тең алмастыру коэффициентін қамтамасыз ететін болса; Кірісті алмастыру коэффициентінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша айқындалады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының базалық және ынтымақты құрамдауыштар есебінен қалыптасқан зейнетақысының мөлшері және зейнеткерлікке шыққан күннің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі (жинақтардың 50% — на дейін пайдалануға болады);
  • Егер МЗЖ-ның салымшысы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса (жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың 100%-на дейін пайдалануға болады);
  • Егер азамат еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алушы болса (ЖЗШ-дағы жинақтардың 100%-на дейін пайдалануға болады).

Бұл ретте БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерінің азайып, кезеңінің қысқаруына себеп болатынын ескеру қажет. Сондықтан, зейнетақы қаражатын алу туралы шешім қабылдамас бұрын, зейнет жасына жеткенде зейнетақының қай деңгейіне иек артатыныңызды шешіп, өзіңіз үшін басымдықтарды анықтауыңыз керек.

 

  • Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеуге арналған төлемдерді алу үшін қайда жүгінуге болады?

 

Зейнетақы жинақтарын тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы пайдалануға болады. БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасаған уәкілетті операторлардың тізімі:

  • «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ (Тұрғын үй және емделу);
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Тұрғын үй);
  • «Банк Центр Кредит» АҚ (Тұрғын үй);
  • «Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) (тұрғын үй);
  • «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (Тұрғын үй).

БЗТ-ны жүзеге асыру тәртібі төмендегідей:

— алушылар БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алуға болатын жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді көшірмесінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алуға қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді алады;

— содан кейін алушы уәкілетті операторға уәкілетті оператордың интернет-ресурсы арқылы БЗТ алу туралы өтінішпен жүгінеді және өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды;

— уәкілетті оператор екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға БЗТ алу туралы алушылар тарапынан түсіп, тіркелген өтініштер туралы электрондық хабарлама жібереді;

— БЖЗҚ өз өкілеттігі шеңберінде жеке зейнетақы шотында сұрау салынған соманың болуын тексереді және бас тартуға негіздер болмаған жағдайда электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға өтініште көрсетілген БЗТ сомасын (көрсетілген сома ЖЗШ-да болған кезде) алушының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемі үшін уәкілетті оператор арнайы ашқан шотқа есептеу үшін аударады;

— зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды алушылар тек уәкілетті операторларға ұсынады.

Құжаттарды тексеріп, қаражатты өтініш берушінің түпкі мақсатына аудару туралы шешімді уәкілетті оператор қабылдайды.

Егер алушы тұрғын үйге немесе емделуге зейнетақы жинақтарының пайдаланылғанын растайтын құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаса, онда қаражат БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына қайтарылады.

 

3)   Айтыңызшы, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу болашақ зейнетақы мөлшеріне әсер ете ме?

 

Еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі ең алдымен азаматтарды зейнеткерлікке шыққаннан кейін қамтамасыз етуге бағытталған. Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс есебінен қалыптастырылады. Болашақ зейнетақы деңгейіне жарналардың жүйелілігі мен мөлшері, сондай-ақ зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігі әсер етеді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңінің азаюына себеп болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алу туралы шешім қабылдамай тұрып, зейнеткерлік жасқа жеткенде қандай зейнетақы алатыныңызды шешіп, өзіңіз үшін басымдықтарды анықтауыңыз керек. Болашақ зейнетақының мөлшерін білу үшін Сіз зейнетақының неден құралатынын көрсететін болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана аласыз. Оны үш сценарий бойынша есептейді: пессимистік, шынайы және оптимистік, бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқалармен танысуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл құрал әрбір салымшыға болашақ зейнетақы мөлшерінің мерзімінен бұрын пайдаланылған және пайдаланылмаған жағдайда қандай болатынын есептеуге көмектеседі. «Зейнетақы калькуляторы» қызметімен БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында толығырақ танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) – бұл ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) ай сайынғы төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл салымшы зейнеткерлік жасқа толған кезде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (мемлекеттік бюджеттен ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш.

 

4) Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық кіріс неден тұрады?  Неліктен инвестициялық кіріс өзгереді?

 

БЖЗҚ-ның әр салымшысының зейнетақы жинақтары оның зейнетақы шотына түсетін жарналар мен инвестициялық кірістерден құралады. БЖЗҚ барлық жинақтардың есебін жүргізеді, ал ҚР ҰБ мен салымшы таңдаған инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) оларды басқарады. Табыс алу мақсатында зейнетақы активтері елдегі және шетелдегі әртүрлі валютадағы түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Инвестициялық кіріс әртүрлі көздерден құралады: бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістер; қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер; сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б.

Қаржы нарықтарындағы жағдай бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстарға және т. б. әсер ететін экономикалық, саяси және басқа факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін. Сондықтан кейде инвестициялық кіріс оң да, теріс те болуы мүмкін. Бұл зейнетақы жинақтарының жалпы сомасына уақытша әсер етеді. Инвестициялық қызметтің нәтижелерін орта және ұзақ мерзімді кезең аралығында бағалаған жөн.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық – әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтында немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетте 24/7 режимінде көре алады.

 

5) ҚР қолданыстағы Салық кодексіне жеке табыс салығын өндіріп алу мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде салымшы жеке табыс салығын (ЖТС) өз қалауына қарай төлей алады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнетақыға дейін кейінге қалдырып төлеу. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мұндай тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған азаматтар түрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Енді ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне байланысты 2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды. Бірақ бұл ереже тек 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады, өйткені 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Онда ЖТС-ты қайтару үшін көзделген мерзім – 3 жыл. Сондықтан ЖТС қайтаруға құқығы бар адамдарға құжаттарын 2025 жылы тапсырып үлгеру туралы кеңес береміз.

 

 

                 6) ЖТС-ты қайта есептеп, қайтарып алуға кімнің құқығы бар?

 

Салық салынатын табыс пен ЖТС-ты қайта есептеуге құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген. ЖТС қайтаруға қажетті құжаттарды беру мерзімі үш жылдан бес жылға дейін ұзартылды. Алайда, ол 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады, өйткені 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Сондықтан БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына барып, өтінішіңіз пен қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Қайта есептелгеннен кейін ақша сіздің зейнетақы шотыңызға қайтарылады.

  • Егер біржолғы зейнетақы төлемдерін алған кезде кейінге қалдырылған ЖТС таңдалса, 2026 жылдан бастап ЖТС-тың жойылуына байланысты зейнетақы жинақтары осы сомаға ұлғая ма?

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты:

  • алушы Қазақстан Республикасының резиденті болса, ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайды, оның ішінде БЗТ да бар.
  • Өзгерістер сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге алынған БЗТ-дан зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдырылған салықтар бойынша міндеттемелердің күшін жоюды қамтиды. Бірақ бюджетке бұрын төленген салықтарды қайтару көзделмеген.

 

Алайда кейінге қалдырылған ЖТС-тың күшін жою – алуға болатын қолжетімді соманы қоса алғанда, МЗЖ/МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының ұлғаюы деген сөз емес. Бұл кейінге қалдырылған ЖТС сомасы есептен шығарылатынын және салымшының ЖТС бойынша мемлекет алдында берешегі болмайтынын білдіреді.

 Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін БЗТ алу кезінде ЖТС ұстап қалудың екі тәсілі қолданылады: БЗТ алған кезде бірден төлеу және зейнетақы алғанға дейін кейінге қалдыру (барлық пайдаланылатын зейнетақы жинақтарының 10%-ы алушы зейнеткерлікке шыққаннан кейін ұсталады. Бұл ретте салық сомасы тең бөліктерге бөлінеді және 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде алушының ай сайынғы зейнетақы төлемдерінен шегеріледі).  ЖТС-ты қалай ұстау керектігін уәкілетті операторға өтініш берген кезде БЗТ алушы ғана шешеді.

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Жас отандастарымыз 25,11 млн доллардан астам қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге пайдаланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Пенсионный навигатор»: эксклюзивные интервью с экспертами о пенсионной системе Казахстана

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«День открытых дверей» в ЕНПФ: Ответы на самые актуальные и часто задаваемые вопросы

15.12.2025
5
Жаңалықтар

Казахстан и Азербайджан укрепляют сотрудничество и партнерство в сфере пенсионного обеспечения

15.12.2025
5
Жаңалықтар

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат

15.12.2025
5
Жаңалықтар

2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер

15.12.2025
10
Жаңалықтар

Пенсионная система Казахстана укрепила позиции в рейтинге Глобального пенсионного индекса Mercer CFA 2025 года

15.12.2025
5
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Чистый инвестиционный доход с 2014 года превысил 13,6 трлн тенге

15.12.2025
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
445

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
233
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
187
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
186

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.