3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативі бүгінде табысты жұмыс жүргізіп келеді. — Төрттаған
Понедельник, 16 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативі бүгінде табысты жұмыс жүргізіп келеді.

15.12.2025
Жаңалықтар
0
3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативі бүгінде табысты жұмыс жүргізіп келеді.

3 тонна ешкі сүтін өндіруге және 24 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» өндірістік кооперативі бүгінде табысты жұмыс жүргізіп келеді. Аталған шаруашылық аймақтағы ешкі сүтін өндіру мен өңдеуді дамытудың маңызды орталығына айналып отыр.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы зор екенін атап өтіп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, бұл бағытты одан әрі дамытудың жолдары талқыланды.

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Кооператив төрағасы Жеңіс Тоғызақбаевтың айтуынша, өндірістік кешеннің алғашқы кезеңінде сауын цехы, сүт өңдеу зауыты және жемшөп дайындайтын ғимарат толық іске қосылған. Қазіргі таңда шаруашылықта Нидерландтан әкелінген заанен тұқымды ешкілер өсірілуде. Жобаның үш кезеңнен тұратын даму жоспары бар, жалпы инвестициялық құны 1 млрд 829 млн теңгені құрайды.

Бүгінде кооперативте 500 бас ешкі бар, ал жоспар толық жүзеге асқан жағдайда олардың саны 6 мың басқа дейін жетпек. Өнімділігі жоғары заанен тұқымы жылына егіз төл беріп, 100 аналықтан орта есеппен 200-ге жуық лақ алынады. Бұл тұқымның басты артықшылығы – сүт өнімділігінің жоғары болуы. Егер отандық ешкілер күніне 1,5–2 литр сүт берсе, заанен ешкілері тәулігіне 5–6 литрге дейін сүт береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында ешкі сүтінен айран, қаймақ, құрт, сүзбе және йогурт өндірілуде. Ешкілер тәулігіне екі рет сауылады, ал сүттің бір литрі 500 теңгеден саудалануда. Алдағы уақытта кәсіпорын Италияның заманауи технологиялық жабдықтарымен толық жарақтандырылып, сауын және сүт өңдеу үдерісі автоматтандырылмақ. Соның нәтижесінде ірімшік пен моцарелла өндіру қолға алынбақ.

Ешкі сүтінің анемия, тағамдық аллергия, туберкулез, асқазан-ішек жолдары аурулары, диабет секілді дерттердің алдын алуда және ағзаның иммундық жүйесін нығайтуда пайдасы зор. Сонымен қатар, оның құрамында кальций, магний, фосфор, марганец, мыс және А, В1, С, D дәрумендері мол.

Облыс әкімі Ордабасы ауданына жұмыс сапары барысында «Байдәулет» өндірістік жылыжай кешенінің де жұмысымен танысты. Қазіргі таңда жылыжай кешені 2,5 гектар аумақта қияр мен қызанақ өсірумен айналысып келеді. Мұнда 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, жылына 60 тоннаға жуық өнім өндіріледі. Жобаның жалпы құны 15 млн теңге.

Шаруашылық басшылығы алдағы уақытта өндіріс көлемін 700 тоннаға дейін арттырып, дайын өнімді Алматы мен Қарағанды қалаларына жөнелтуді жоспарлап отыр.

Өңір басшысы аудан басшыларына жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша нақты тапсырмалар беріп, заманауи технологияларды кеңінен қолданудың маңызын атап өтті.

— Оңтүстік өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жылыжай шаруашылығын дамытсақ, өнім көлемі де, сапасы да арта түседі, — деді Жансейіт Түймебаев.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Ордабасы ауданында нарықтағы монополиялық әрекеттердің алдын алу және шағын бизнестің дамуына кедергі келтіретін факторларды азайтуға ерекше назар аударылуда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ордабасы ауданында инженерлік-коммуникациялық желілердің, жолдардың, әлеуметтік нысандардың дамуы кәсіпкерлік қызметтің кеңеюіне қолайлы жағдай туғызуда.

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
294
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
236
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
200

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.