«РАМАЗАН-АГРО» ЖШС – МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ — Төрттаған
Четверг, 26 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«РАМАЗАН-АГРО» ЖШС – МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

25.11.2025
Жаңалықтар
0
«РАМАЗАН-АГРО» ЖШС – МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі Төрткүл ауылындағы «Рамазан-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Бұл шаруашылық 2009 жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысып келеді. Компанияның негізгі бағыты – суармалы жерлерде мақта егу және оны өңдеу арқылы ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы өнім ұсыну.
Бүгінгі таңда серіктестіктің қарамағында 723 гектар суармалы жер бар. Кәсіпорын осы алқаптарға Түркиядан әкелінген жоғары сапалы мақта сорттарын егіп, жыл сайын шамамен 4500 тонна мақта шикізатын жинайды. Жиналған өнім кәсіпорынның өз мақта өңдеу зауытында өңделіп, жылына 35 000 тоннаға дейін мақта талшығы өндіріледі.
Шаруашылық құрамында 77 тұрақты қызметкер еңбек етеді, ал маусымдық жұмыстар кезінде бұл көрсеткіш 300 адамға дейін жетеді. Бұл ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға айтарлықтай үлес қосуда.
«Рамазан-Агро» серіктестігі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында заманауи ауыл шаруашылық техникаларын кеңінен қолданады. Кәсіпорынның меншігінде 120-дан астам техника бар, олардың қатарында John Deere маркалы мақта жинайтын комбайндар, тракторлар, тіркемелер, тиегіштер мен басқа да заманауи жабдықтар бар.
Сонымен қатар шаруашылық өз алқаптарына жаңбырлатып суару жүйесін орнатқан. Бұл өздігінен жүретін инновациялық техника су ресурстарын үнемдеуге, сонымен қатар тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беруде.
«Рамазан-Агро» ЖШС өнімдері тек отандық нарықта ғана емес, шетелде де жоғары сұранысқа ие. 2016–2017 жылдары серіктестік Чехияның Cotton CZ S.R.O. компаниясымен үш келісімшарт жасап, тұрақты серіктестік орнатты. Сонымен қатар, шаруашылықтың өнімдері Беларусь, Ресей және Молдова елдеріне экспортталады.
Компания мақта шаруашылығын дамыту арқылы өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Сондай-ақ, Қазақстандық мақтаның сапасын арттыру және оны әлемдік нарықта ілгерілету мақсатында мақта шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мен енгізу жөнінде ұсыныстар білдіріп отыр.
Өндіріс пен экспортты қатар дамытып отырған «Рамазан-Агро» ЖШС – ауданымыздың ғана емес, күллі өңірлердегі мақта шаруашылықтарына үлгі болып отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚОЛДАУ МЕН ТАБАНДЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ТАБЫСТЫ ЖОБА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – АГРОӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
5
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
5
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
5
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
10
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
11
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
13

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
321
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
263
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
204

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.