БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге салады Өзекті сауалдар — Төрттаған
Четверг, 20 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БЖЗҚ салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді естеріңізге салады Өзекті сауалдар

20.11.2025
Жаңалықтар
0
  • Қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) түріндегі табысына салық шегерімдерін қолдану мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салымшының таңдауына қалдырылады: БЗТ алған кезде бірден немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдыру тәсілі. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.

 

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

  • Кірістерді қайта есептеп, ЖТС қайтаруға кімнің құқығы бар екенін түсіндіріңізші? Қайда жүгіну керек?

Салық салынатын кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі ҚР Салық кодексінің 346-бабы 2) және 3) тармақтарында көрсетілген.

БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, шұғыл түрде – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) – БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына кірістерді  қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен («Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ-да алушының мүгедектігін растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растаушы құжаттар ұсыну талап етілмейді) шұғыл түрде жүгінуі қажет.

 

  • Уақытылы жүгінген кезде ЖТС қалай қайтарылады? Қабылданған өзгерістер қай кезеңде жарамды болады?

Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін ЖТС алушының жеке зейнетақы шотына, егер ол ұсталған болса, қайтарылады. Егер кейінге қалдырылған ЖТС таңдалса, онда 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеу жөніндегі міндеттемелер жойылады.

ЖТС қайтару бойынша белгілі бір санаттағы жеке тұлғалардың өтініштері үшін талап қою мерзімін ұзарту 2025 жылғы 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін қолданыста болады. Өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді және талап қою ескіру мерзімі қайтадан 3 жылды құрайды.

Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ пайдаланған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық азаматтарға осы құқықты кейінге қалдырмауға және уақытында пайдалануға кеңес береміз!

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына хабарласуға болады: 1418 (Қазақстан бойынша тегін), 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар).

  • Мен 2 топтағы мүгедектігі бар адаммын, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға құжаттар тапсырдым, ЖТС төлеудің кейінге қалдырылған түрімен 5 000 000,00 теңге БЗТ-дан салықтың толық мөлшері неге қайтарылмағанын түсіндіруді сұраймын?

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) салымшының таңдауы бойынша төлеуге болады: БЗТ алған кезде немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдырумен. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалар БЗТ түріндегі табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы.

Бұл ретте БЖЗҚ-дан БЗТ түріндегі салық салынатын табыс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

БЗТ түріндегі табыс сомасынан Салық кодексінің тиісті баптарында көрсетілген салық шегерімдерінің сомасы алынады. Қорытынды қалдық салық салынатын табыс болып есептеледі.

Мысалы, егер салымшының 2021 жылы алған БЗТ түріндегі табысы 5 000 000,00 теңгені құраса, салық міндеттемелері 500 000,00 теңгені құрайды (5 000 000,00* 10%), содан кейін 2021 жылы 882 АЕК мөлшерінде 2 572 794,00 теңге (882*2 917,00[2] теңге) сомасында стандартты салық шегерімдерін қолданған кезде міндеттемелерді азайту бағытында салық түзетулері жүргізіледі.

Осылайша, салық міндеттемелерінің қалдығы (кейінге қалдырылған ЖТС) 242 720,60 теңгені құрайды, ол былайша есептелген:

((5 000 000,00 — 2 572 794,00)*10%).

Егер Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы болсаңыз және кейінге қалдырылған ЖТС сомасы толығымен немесе ішінара ұсталып, бюджетке аударылған болса, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға берілген құжаттар негізінде 882 АЕК шегінде берешек қалдығын түзете отырып, ЖТС өтеледі және төленеді.

Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардағы қалған салық міндеттемелері 2026 жылғы қаңтарда жойылады.

 

  • Менің жұбайым 2 топтағы мүгедектікке ие және стандартты салық шегерімдерін қолданғаннан кейін салық міндеттемелері қалды. Салық міндеттемелерінің қалдығымен не болатынын түсіндіруді сұраймын?

 

01.01.2026ж. бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Ол БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларының біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан ЖТС ұстап қалуды тоқтатуды көздейді.

01.01.2026ж. жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларында (алушыларында) бар БЗТ-дан кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық салық міндеттемелері жойылады.

 

  • 2026 жылдан бастап қай санаттағы тұлғалар үшін және зейнетақы төлемдерінің қандай түрлерінен ЖТС жойылды? Егер мен жеңілдікке ие азаматтар санатына жатпайтын болсам, БЗТ-дан бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтаруға бола ма?

 

01.01.2026ж. бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің ережелерінде ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайтындығы көзделген. Бұл өзгерістің алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ БЗТ-дан да ұсталмайды. Яғни, Қазақстан Республикасының резиденттері болып есептелетін жеке тұлғаларға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне, біржолғы зейнетақы төлемдеріне ЖТС салынбайтын болады.

Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген, осыған байланысты салымшы ЖТС-ты біржолғы төлеммен бірақ төлеген жағдайда — ол қайтарылмайды.

 

  • Мен 2 топтағы мүгедек адаммын, мүгедектік 2024 жылдың қарашасында берілді. Неліктен мен 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырған БЗТ-дан кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтарудан бас тартылғанын түсіндіруді сұраймын?

 

Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес стандартты шегерімдер осы салық шегерімдерін қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылы қолданылады.

БЖЗҚ-ның 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырылған БЗТ-ға стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы жоқ, себебі БЗТ түріндегі табысты алған кезіңізде Сіз мүгедектігі бар адам санатында болған жоқсыз.

 

 

 

 

 

 

 

[1] Айлық есептік көрсеткіш

[2] 2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгеге тең болды  

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Уважаемые журналисты, блогеры, а также студенты факультета журналистики!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мошенники осваивают новые схемы обмана! Будьте бдительны!

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

20.11.2025
6
Жаңалықтар

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

20.11.2025
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Пенсионные активы приносят стабильный доход: 3,11 трлн тенге за 12 месяцев

20.11.2025
4
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

20.11.2025
4
Жаңалықтар

Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

20.11.2025
6
Жаңалықтар

98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
442

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.