Арыс: Жиында кәмелетке толмағандарға қатысты мәселелер қаралды — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Арыс: Жиында кәмелетке толмағандарға қатысты мәселелер қаралды

19.06.2025
Қоғам
0
Арыс: Жиында кәмелетке толмағандарға қатысты мәселелер қаралды

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімдігіне қарасты жауапты сала өкілдері, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік мекемелердің мамандары қатысты.
Жиында кәмелетке толмағандарға қатысты маңызды төрт мәселе күн тәртібіне шығарылып, жан-жақты талқыланды.
Бірінші мәселе – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу жайы болды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Бекжан Үсенбаев баяндама жасап, статистикалық деректер мен профилактикалық шараларды ортаға салды.
Екінші мәселе – кәмелетке толмаған қыз балалар арасындағы ерте жүктілік пен суицид фактілері болды. Аудандық орталық аурухана басшысының орынбасары Гүлжәмила Мақсұтова бұл жағдайлардың туындау себептеріне тоқталып, медициналық және психологиялық тұрғыда жасалатын көмектер туралы айтты. Жиын барысында жастармен тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі баса айтылды.
Үшінші – қиын жағдайдағы отбасыларды оңалту жұмыстары. «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің бөлімше басшысы Жазира Абылова отбасылардың әлеуметтік проблемаларына тоқталып, кешенді қолдау қажеттігін айтты.
Төртінші мәселе – жазғы мезгілде өзекті болып отырған суға тұншығу оқиғалары мен олардың алдын алу шараларына арналды. Бұл тақырып бойынша Арыс аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Дінмұмаммед Әбдімәлік баяндама жасады. Оның айтуынша жыл басынан бері облыс бойынша 33 суға бату дерегі тіркелген, оның ішінде 13-і кәмелет жасына толмағандар. Осы ретте қала басшысы қала мен ауылдық округтерде су жағажайларында кезекшілік ұйымдастыру, балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, ата-аналарға ескерту жүргізу, шомылатын орындарды бақылау сынды шаралады күшейтуді тапсырды.
Жиынның қорытындысымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға айтылды. Комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

САЙРАМДА ӨТКЕН ЖИЫНДА ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 7 ЖЫЛ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
3
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
4
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.