ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН — Төрттаған
Понедельник, 14 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

READ ALSO

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында 20-ға жуық жаңа инвестициялық жоба бойынша маңызды келіссөздер өтті. Сапар аясында өңір делегациясы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, логистика және туризм бағыттары бойынша Қытайдың жетекші компанияларымен нақты жобаларды талқылап, ірі өндіріс орындарында болды.
Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге тікелей инвестициялар тарту, жаңа өндірістерді іске қосу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау. Президент атап өткендей, өңірлік дамудың жаңа кезеңі халықаралық серіктестік пен нақты жобалар арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы ретте Түркістан облысы бұл бағыттағы белсенділігін нақты қадамдармен көрсетіп отыр.
Делегация сапар барысында әлемдегі ең ірі сыра өндіруші кәсіпорындардың бірі – «TSINGTAO BREWERY CO., LTD.» зауытының жұмысымен танысты. 1903 жылы негізі қаланған бұл компания бүгінде Қытайдың ішкі нарығында көш бастап, өнімін 120-дан астам елге экспорттап отыр. Зауыт тек сыра өндірісімен шектелмей, денсаулыққа пайдалы сусындар өндіру, сондай-ақ «TSINGTAO1903 Bar» сияқты мәдени-көпшілік кеңістіктер құру бағытында да жобаларды іске асыруда.
Компанияның технологиялық дамуға бағытталған саясаты мен ішкі нарықпен қатар сыртқы нарыққа бағытталған стратегиялық көзқарасы Түркістан облысының кәсіпкерлері мен инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Қос тарап осы салада өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастырды.
Келесі кездесу «Qingdao Sigma Chemical Co., Ltd.» компаниясымен өтті. Аталған кәсіпорын ауыл шаруашылығы тыңайтқыштары мен экологиялық қауіпсіз химиялық өнімдер өндірісінде Қытайдағы көшбасшылардың бірі саналады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл кездесуде өңірде шегірткемен күрес және ауыл шаруашылығын химияландыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Облыста дәріленетін аумақ көлемі жылдан-жылға артып келеді, бұл өз кезегінде жаңа технологиялар мен қауіпсіз өнімдерге деген қажеттілікті арттырады. Осы салада нақты жобаларды бірлесе іске асыруға шақырған облыс басшысы бұл бағыттағы ынтымақтастықты жүйелі зерттеуді тапсырды.
Компания, сондай-ақ электр жабдықтары мен құрылыс материалдарын өндірумен айналысады және Қазақстанмен сауда-логистикалық қатынасты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.
Жұмыс сапары барысында Түркістан делегациясы «Qingdao International Investment Co., Ltd.» мемлекеттік холдингімен келіссөздер жүргізді. Жарғылық капиталы 1,5 миллиард юань болатын бұл компания Қытайдың стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда жетекші рөл атқарады. Холдинг венчурлік қаржыландыру, активтерді басқару және салалық инновациялық жобаларға инвестиция тарту бағытында жұмыс істейді. Қазіргі таңда компания 622,6 миллиард юань көлеміндегі қаржыны басқарып отыр. Қорлар арқылы цифрлық трансформация, жасыл технологиялар және өңдеу өнеркәсібін қолдауға бағытталған бастамалар іске асырылуда. Бұл құрылыммен әріптестік – Түркістан облысы үшін ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық пен технологиялық даму кепілі болмақ.
Сапар барысында ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, Дазэшань жүзімі – климаттық ерекшеліктері Түркістан облысына ұқсас Циндао аймағында өсірілетін жоғары сапалы өнім. Қытайлық кәсіпкерлер бұл жүзім түрін Түркістан өңіріне бейімдеу және тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар көкөністі кептіру және терең өңдеу зауытын салу, жержаңғақ өңдейтін орталық ашу, бизнес-қонақүй мен туристік кешен салу жобалары жан-жақты талқыланды. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық бейінін әртараптандыруға, экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Облыс әкімі жауапты тұлғаларға ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеп, жүзеге асыру жолдарын пысықтауды тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

Оқи отырыңызМақалалар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.