«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: САЙРАМ АУДАНЫ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ — Төрттаған
Понедельник, 8 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: САЙРАМ АУДАНЫ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

05.06.2025
Жаңалықтар
0
«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: САЙРАМ АУДАНЫ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтті. Мәдениет пен өнерді ұлықтаған бұл шарада Сайрам және Келес аудандарының шығармашылық ұжымдары көрерменге ұлттық болмыс пен өнердің сан қырын ұсынды. Түркістанның төрінде өткен думанды кеш қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазылар алқасының шешімімен Сайрам ауданының өнерпаздары келесі кезеңге жолдама алды.
Аталған аудандардың өнер ұжымдары ақындар айтысы, дәстүрлі терме, ұлттық аспаптар ансамблі, эстрадалық ән, би өнері, вокалды-аспаптық топтар, «Ауылдың алты ауызы» (әжелер ансамблі), салт-дәстүр көріністері сынды жанрлар бойынша бақ сынады.
Фестиваль аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі, суретшілердің туындылары, ауданның жетістіктері мен кітап көрмелері де көпшілік назарына ұсынылды. Көрме мен қойылымдар ұлттық рух пен мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Биылғы фестиваль ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жеребе арқылы жұптасқан аудан-қалалар өзара сынға түсіп, үздіктер келесі айналымға өтеді. Ақтық кезеңде ең үздік өнер ұжымдары анықталатын болады. Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы жанрлық ерекшелік, ұлттық нақыш, сахналық мәдениет пен ұйымдастырушылық деңгей бойынша бағалайды.
Фестивальде қазылар құрамында ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, ақын, Облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Тұрар Тілеулиев, ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Әлімбай Ботақараев, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының хореограф маманы Ақниет Әмзехан бар.
«Өнерлі өлке» фестивалінің басты мақсаты — ұлттық мәдениет пен халық шығармашылығын дамыту, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, Түркістанның мәдени-туристік әлеуетін арттыру.
Айта кетейік, фестиваль Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Облыстық мәдениет басқармасы және Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мамыр-шілде айлары аралығында өтеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БЕКІТУ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» БИ АНСАМБЛІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «БИ КЕРУЕНІ» КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.