Болгария елінің Пловдив қаласында жүзуден «Bulgarian Open» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Су айдынындағы жарыста түркістандық Софья Сподаренко үш бірдей алтын медальға қол жеткізді.
Дүбірлі додада сынға түскен түркістандық ару еркін стильде 50 метр қашықтықта, сондай-ақ, баттерфлай стилінде 50 метр және 100 метрге жүзуден жеңімпаз атанып, ұлттық құрама қоржынын 3 алтынмен толықтырды. Осылайша ол Сингапур мемлекетінде өтетін 22-Әлем чемпионатына жолдама алды. Әлемдік дода биыл 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.