ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 31 января, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

01.04.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері, түркістандық талантты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туған жастар арасындағы халықаралық турнир басталды. Биыл ХХІII рет өтіп жатқан халықаралық бокс додасына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзербайжан, Қытай, Египет, Сауд Арабиясы, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан іріктелген былғары қолғап шеберлері келген. Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев көпшілікті құттықтады.
– Баршаңызды тарихи Түркістанда қарсы алғаныма қуаныштымын! Бүгін Түркістан төрінде қазақ спортының жарық жұлдызы, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир басталуда. Бекзат Саттарханов – халқымыздың мақтанышы! Облысымызда чемпионның атын ұлықтау мақсатында дәстүрлі турнир тұрақты өтіп келеді. Былтыр Бекзаттың атындағы жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Сиднейде алтын медаль алған саңлақтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында спорт саласына қолдау көрсетіліп келеді. Былтыр облыста 73 спорт нысаныны пайдалануға берілді. Елді мекендерде заманауи спорт кешендерінің саны артуда. Түркістанда халықаралық талапқа сай ескек есу каналы, ипподром салынуда. Аймақта спортты дамыту жұмыстары жалғасады, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Түркістан төріндегі шаршы алаңға талантты боксшылар шығып, тартысты жекпе-жектер өткізуде. Биылғы халықаралық бокс бәсекесінде ерлер 13 салмақ бойынша жұдырықтасса қыздар 6 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды. Айта кетейік, бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиевтің айтуынша, IBA талаптарына сай өтіп жатқан бұл халықаралық бокс додасында жеңімпаз атанған спортшыларға спорт шебері атағы беріледі.
Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары деңгейде ұйымдастырған бұл халықаралық бокс додасына жалпы 30 команда, 300-ге жуық боксшы қатысуда. Түркістан облысының жігіттер құрамасы толық құрамда өңір намысын қорғаса, қыздар құрамасы 4 салмақ дәрежесінде ринг төріне көтеріледі.
20 жасында жасындай жарқылдап, Сидней олимпиадасының шыңын бағындырған Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова да батыр ұлын еске алуға арналған турнирге арнайы келіпті. Сондай-ақ Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов пен Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков те құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Дәстүрлі бокс турнирі жыл сайын қаншама талантты жастың шеберлігін шыңдауда. Бокс бәсекесінің жеңімпаздары 4 сәуір күні анықталады.
Халықаралық бокс додасын Түркістан облысының әкімдігі мен Облыстық спорт басқармасы және «Түркістан бокс клубы» жоғары дәрежеде ұйымдастырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ПРОВЕДЕНЫ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРАМИ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ ВАЖНЫХ ПРОЕКТОВ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ ХХІІІ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРНИР ПО БОКСУ ПАМЯТИ БЕКЗАТА САТТАРХАНОВА

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
6
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
388
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
250
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
201
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
196

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.