ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ — Төрттаған
Вторник, 24 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ

28.03.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Облыс әкімінің орыбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен алдағы оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу бойынша мәжіліс өтті. Сонымен бірге «Жұмысшы мамандықтар жылын» мазмұнды әрі жастарға пайдалы іс-шаралармен қамту мәселесі де талқыланды. Оған жауапты басқарма өкілдері мен мекеме басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау қажет екенін айтты. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен білім саласын дамыту жұмыстары жандануда. Мемлекет тарапынан жастардың білім алуына гранттар беріліп, қолдаулар көрсетіліп жатыр. Биыл да арнаулы оқу орындары мен колледждерге 15 500 мемлекеттік тапсырыс беру жоспарланған. Соның ішінде жұмысшы мамандықтарының саны 9500-ге дейін ұлғаяды. Ауылдар мен қалалардағы мектеп бітіруші түлектерге, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, гранттармен қамту керек. Білім басқармасының талдауы негізінде биыл 11-сыныпты бітіретін 4 мыңнан астам оқушы ҰБТ-ға қатыспайды. Осы оқушылар NEET санатына енбеуі үшін колледждерге түсіру керек. Жауапты басқарма, «Жастар ресурстық орталықтары», аудан, қала әкімдері осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Аймақта мықты, көшбасшы колледждер бар. Олардың бірқатарындағы жатақханалар бос тұр. Ауыл жастарын тартыңыздар. Тегін оқысын әрі стипендиясын алып, мамандыққа ие болсын. Көпшілігі мұндай мүмкіндіктерді білмейді. Халыққа ақпарат беру керек. Бөлінген гранттарға сай тиісті ұсыныстар беріңіздер. Бұл мүмкіндікті пайдаланған жөн. Әр колледждің көрсеткіші талданып, тиімсіз жұмыс істеген директорларға қатысты тиісті шешімдер қабылданады, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
✔️Облыста 50 колледж жұмыс істейді (28 мемлекеттік, 22 жекеменшік). Басым бөлігі – көпсалалы колледждер. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 530 (оның ішінде 32 383 мемлекеттік тапсырыс) студент білім алуда. Өңірде еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандықтар 30 колледжде даярланады. Онда 16553 студент білім алуда. Биыл 450 орын гранты мақсатты мемлекеттік тапсырыс аясында қарастырылған. Яғни, жастарды кәсіпорындарға 100% жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар.
✔️Облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілген. Ашылатын 130 мыңнан астамы жаңа жұмыс орындарының 60% жұмысшы мамандықтарға арналған.
✔️2025 жылы өңірдегі 520 мектепті 75 809 оқушы (9 сынып – 44982, 11 сынып – 30827) бітіреді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, қалалар мен аудандардың әкімдіктері, салалық басқармалар мен мүдделі ұйымдар ұсынатын еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып қалыптастырылады.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысында 14 -35 жас аралығындағы жастар саны – 663260. NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 2024 жылы 12 мемлекеттік бағдарламаны қамтитын жол картасы әзірленген. Осыған байланысты 39119 жас жұмыспен, оқу гранттарымен және жеңілдетілген несиелерімен қамтылды. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес NEET санатындағы жастардың көрсеткіші 10,4%-ды құраса (62 497 жас), 2024 жылдың IV тоқсанында 5,5%-ды (33668 жас) құрап, төмендеген. Жастарды жұмыспен, біліммен қамту жұмыстары жалғасады.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОБЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
10
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
14

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
450

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.