ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕРДІ АШЫҚ АЙТТЫ — Төрттаған
Вторник, 3 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕРДІ АШЫҚ АЙТТЫ

28.03.2025
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУДЕ САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨТКІР МӘСЕЛЕЛЕРДІ АШЫҚ АЙТТЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті. Өңір басшысы кездесуге келіп, өтініш айтамын деген барлық тұрғынды соңына дейін қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады.
📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы əртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркəсіп кешенінің əлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау үшін баршамыз бірлесе еңбек етуіміз қажет. Сарыағаш ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталсақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 11 елді мекенде құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылды. Нəтижесінде 51 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 150 орындық кітапхана мен мəдениет үйі ел игілігіне берілді. Елді мекендерде спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өткен жылы 309 млн. теңгеге 34 жоба қаржыландырылған болса, 2025 жылы 499 млн. теңгеге 42 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 24 маманға 9 млн. теңгеге бірреттік көтерме жəрдемақы, 14 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 103 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 1 мектеп пайдалануға тапсырылды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 25 пайызға, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3 пайызға өсті. Инвестиция мен құрылыс жұмыстарының көлемі өскен. Өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыс күшейтілуі тиіс, – деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауданның əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін көтеру мақсатында арнайы қадамдық іс-шара жоспарын бекітіп, қысқа мерзімде нақты шараларды қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау керектігін жеткізді.
✔️Кездесуде Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайында баяндады.
✔️Мәселелер ашық айтылып, өткір сұрақтар қойылған кездесуде тұрғындар білім, жол, кәріз жүйесі, инфрақұрылым, жер саласына қатысты және өзге де мәселелерді қозғады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
✔️Кездесуден кейін Нұралхан Көшеров сарыағаштықтар үшін жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Более 70% опрошенных считают, что страна развивается в правильном направлении

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

НА ВСТРЕЧЕ С АКИМОМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЖИТЕЛИ САРЫАГАША ОТКРЫТО ГОВОРИЛИ ОБ ОСТРЫХ ПРОБЛЕМАХ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
156

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.