ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ — Төрттаған
Понедельник, 8 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23.02.2025
Жаңалықтар
0
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Кентау қаласы Қарнақ ауылы Құшата елді мекенінің тұрғындарымен «Этносаралық татулықты нығайту және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті.
Жиынға Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тажибаев, Кентау қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімінің бастығы Б.Янкин, Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Д.Оспанов, қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тойшиев қатысты.
Ел бірлігі мен этносаралық татулық, интернет-алаяқтық, жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу, синтетикалық есірткінің зияндығын, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу, құқықбұзушылық пен әлімжеттікті болдырмау бағытында келелі ойлар айтылды. Сонымен қатар, жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Жиын соңында арнайы дайындалған видео-роликтер көрсетілді.
Әлемде жыл сайын 2800-ге жуық жасөспірім осы кеселден қайтыс болады. Ғаламдық картаға үңілсек, балалардың өз өміріне балта шабуы Оңтүстік Корея, Ресей, Оңтүстік Африка сынды елдерде жиі кездеседі.
Бұл – алаңдатарлық жағдай.

– Жалпы, балалардың өз-өзіне қол жұмсауының 80 пайызында себебін анықтау мүмкін емес. Мектеп тұрмақ, үйде де отырып өзіне қол салған жет­кін­шектер бар. Әсіресе мектеп оқушы­ларында көбіне қорытынды тоқсан со­ңын­да, өзінің мақсат еткен балын жинай алмай қалған кезде эмоционалдық тұ­рақ­сыздыққа ұрынады, – дейді психолог маман.

Қазір жәбірлеудің жалғасы ретінде бул­­лингтің де қаупі жоғары. Яғни жас­­өспірімдердің жеке басына байланыс­ты кемсітетін іс-әрекеттерді әлеу­мет­тік желілер арқылы көпшілікке тарату үлкен қатерге айналып барады.

– Негізі суицидтен құтқарудың жал­ғыз жолы – әңгімелесу. Бірақ бала пси­хо­логиялық тұрғыдан интроверт болса, яғни жалғыздықты жаны сүйсе, онда іс-әрекетінен байқай аласыз. Мысалы, оқшаулану, ашушаңдық, тәбеттің төмендеуі, ылғи бір ойдан шыға алмай отыруы, мазасыздық, ұйқының бұзылуы. Балаңыздың мінезінен осыған ұқсас белгілер байқасаңыз әңгімеге тартуға тырысыңыз. «Балам, сені біреу келемеждеп не болмаса бөлектеп жүр ме?» деген сынды сұрақтар қояр алдында өз тәжірибеңізде, өміріңізде сондай жағдай болғанын және қалай шыққаныңызды дастарқан үстінде әңгіме ретінде айта отырыңыз. Содан кейін сұрақ қойсаңыз, балаңыз ішіндегі ойын айта алатын, сенетін орта екенін сезгенде ашыла бас­тайды, – дейді психолог маман.

Сондай-ақ буллинг жасайтын ба­ланың да психологиясы алаңдатарлық дүние. Өйткені отбасында қатыгездікті көрген жасөспірім, өзінде болған нәрсені өзгелерге көрсетуге бейім келеді екен. Осы­лайша, масаттанатын көрінеді. Мұн­дай жағдайда жеткіншектермен сөйлесудің де өз әдісі бар.

– Мәселенің түпкі мақсатын білу үшін «Неліктен мұндай қадамға бар­дың?» деген сауалдан емес, «Үйде неше ағайындысың? Сен отбасында нешін­ші баласың? Отбасында қандай да бір дәстүрлерің бар ма?» деген секілді сұрақтарды қою арқылы проблеманың өзегін ашуға болады, – дейді Ш.Әбілова.

Мамандар жалпы кәмелетке тол­маған жеткіншектердің өлімді ойлауы шарасыздықтан іштей булығуы әреке­тімен түсіндіреді. Яғни айналасындағы жақын адамдарынан көмек болмағаны. Тіпті мұндай жағдайдың өзінде де олар бір мессендж қалдырып сөйлейді екен. Тек соны дер кезінде бағдарлай алу қажет. Осылайша, жамандықтың алдын алуға болады.

Балалар суициді – қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Мұның алдын алу мақсатында күні бүгінге дейін мемлекет тарапынан да біраз іс-шаралар қолға алынды. Соның бірі – Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының ДДҰ халықаралық сарапшылары мен ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесе елімізде кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алудың көп компонентті бағдарламасы.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕНТАУДА «ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚҚА-ЖОЛ ЖОҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
220
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.