НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ — Төрттаған
Вторник, 11 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

13.02.2025
Жаңалықтар
0
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында Атакент кентінде орналасқан «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-де болып, атқарылған жұмыстар және жоспарымен танысты. Шаруақожалық төрағаларымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.
✔️Қазақ ғылыми-зерттеу институтының меншігіндегі «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-нің мақсаты – мақта саласын дамытуда кең көлемде ғылыми-техникалық қызмет көрсетіп, мақтаны, бақша дақылдарын және көп жылдық шөптерді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашу. Мұнда 54 қызметкер бар. Ғалымдары тарапынан 115 кітаптар, монографиялар, ұсыныс кітапшалар, әдістемелік нұсқаулықтар мен ғылыми еңбектер жинақтары жарық көрді. 2000-2025 жылдардағы зерттеулердің нәтижесінде тәжірибе станциясы селекционерлері бәсекеге қабілетті 13 жаңа мақта сортын шығарды. Отандық мақта сорттары облысымыздағы мақта егісінің 55-60%-ын құрайды.
✔️Тәжірибе станциясы ғимаратында өңір басшысы шаруа қожалық төрағаларымен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын талқылады. Шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуде кәсіп иелері отандық мақта сорттарынан шит дайындау үшін мемлекеттік қолдаулар көрсету, «Ауыл аманаты» бағдарлама аясында берілетін несие, арнайы техника алу сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
✔️Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, қарастырылған мүмкіндіктер туралы баяндады. Биыл «Тұқым шаруашылығын қолдау» бағдарламасы арқылы отандық «Мақтаарал-4011», «Мақтаарал-5027» сорттарының бірінші және екінші репродукциялы тұқымдарының 50%-ы, элита тұқымдарының 70%-ы субсидияланады.
📌– Бүгінде Үкімет тарапынан тұқым шаруашылығына бірқатар бағдарлама арқылы қолдау көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, техника мен жабдықтарды сатып алуға кеткен шығынның жартысын өтеуге мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, минералды тыңайтқыштар мен зиянды организмдерге қарсы қолданылатын преператтарды алуға қолдау көрсетілмек. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген жанар-жағармай мен «Кең Дала» бағдарламасының аясында кредиттік ресурстар қарастырылған. Өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасы 2023 жылдан бері жүзеге асырылуда. Тиімділігі мол, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Облыс басшысы аудандағы Ақ алтын елді мекенінде өткен жылы іске қосылған «ZHANASSYL» мақта өңдеу зауытының жұмысын бақылады. Индустриалды аймақта орналасқан жобаның жалпы құны – 2,5 млрд. теңге. Өндірілген өнімнің 80 %-ы Тәжікстан, Қырғызстан, Чехия, Қытай елдеріне экспортталуда. Мұнда 60 адам қызмет етеді. Зауыт соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Жылына 60 мың тонна мақта талшығын қайта өңдейтін зауытта жиым-терім науқаны кезінде 70-ке жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Өткен жылы кәсіпорын 15 мың тонна мақта қабылдаған.
✔️Осы күні Нұралхан Көшеров Мақтаарал аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа ғимаратында болды. 1984 жылы соғылған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға тапсырылған. Екі қабатты ғимараттың жалпы алаңы – 335 шаршы метр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ФЕРМЕРАМИ МАКТААРАЛА И ВЫСЛУШАЛ ИХ ПРЕДЛОЖЕНИЯ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
439

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
369
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
225
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
179
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.